ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 1 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 1 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

 Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 1 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)
Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 1 сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.2.2.1 - қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа », «жүз», «ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдалану
Сабақ мақсаты:Көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, қазақтардың ру-тайпалық құрылымының қалыптасуы мен рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіну.
Ж/Т Тақтаға тақырыпқа байланысты негізгі ұғымдар жазылады. Оқушылар бұл ұғымдарға қатысты өз ойларын білдіреді және бір-бірімен байланысын қарастырады.
«ру, тайпа, жүз, ата жұрт, ата мекен»

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы туралы не білетіндерін сұрап, сыныптық талқылау ұйымдастыру.
Зерттеу сұрақтары:
• Көшпелі қоғамда ру-тайпалық құрылым қалай қалыптасты?

Зерттеу және талдау
Б/Т Оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз. 1- топ Ру
2- топ Тайпа
3-топ Жүз
4-топ Ата-жұрт
Топтарға тақырыптарына байланысты мәтін беріледі. Әр топ өз тақырыбы бойынша қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдайды

Критерийлері:
• Тақырып аясында ру,тайпа, жүз, ата-жұрт ұғымын ашу;
• Ру,тайпа, жүз, ата-жұрт сияқты бірлестікке бөліну ерекшеліктерін түсіндіру;
• Ру,тайпа, жүз, ата-жұрт сияқты бірлестіктің қоғамдағы рөлін сипаттау;
• Біріктіруші рөлі мен функционалдық маңызына баға беру


Берілген критерийлерді басшылыққа алып, топтар постер жасайды және бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Б/Т«Жүз», қазақ жүздерінің мәні, олардың құрылуы туралы пікірлеріңіз қандай? деген сұрақ төңірегінде сыныптық талқылау ұйымдастыру. «Жүз» ұғымы туралы бірнеше ғалымдардың пікірін карточка түрінде ұсынып, авторлардың көзқарасын негізге ала, «Қазақ рулары неліктен жүзге бірікті?»,«Қазақ жүздерінің қандай ішкі белгілері бар?»деген сұрақтар төңірегінде өзіндік ой қорытынды шығарады.
Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған".
Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
Василий Владимирович Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
Михаил Порфирьевич Вяткин: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.....
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Мико - Сегодня, 00:28
Орыс тілі (русский язык) (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өтінемін көмек керек 6 сынып тжб 1 тоқсан🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺

ШАПАТЖАНОВА АРАЙЛЫМ ГАЛЫМЖАНОВНА - Вчера, 23:41
Ақыл-ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының саналы оқу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері

Шет тілі пән мұғалімі

Абишев Даулет Жумажапарович - Вчера, 23:41
Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі қол добын ұйымдастыру әдістемелік ерекшеліктері

КҮШТІ

Абишев Даулет Жумажапарович - Вчера, 23:40
Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі қол добын ұйымдастыру әдістемелік ерекшеліктері

ЖАҚСЫ САЙТ

жаратылыстану - Вчера, 22:52
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тжб тапсырмалары қажет еді

жаратылыстану - Вчера, 22:49
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тжб тапсырмалары қажет еді

жаратылыстану - Вчера, 22:48
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 сыныптың тжб тапсырмалары қажет еді

жаратылыстану - Вчера, 22:45
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жаратылыстанудан 5 сыныптың тжб тапсырмалары қажет

Гость лаура - Вчера, 22:39
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

3 класс тжб бжб жауаптар барма жеберш

Жасмин - Вчера, 22:34
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану