Сабақ жоспары (ұмж): Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау;
Т Ұйымдастыру бөлімі.Топтастыру
(Б Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.
БЫМ Слайдтан Орталық Азия халықтарының мәдениетіне тән ортақ суреттер топтамасы ұсынылып, (Ұлы Жібек жолының картасы, ою-өрнек, текемет, жылқы, үзеңгі, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар, т.б. ) оқушыларға төмендегі сұрақ қойылады.

 Сізге қандай ой келді?
 Бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?

Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

(М) Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады, тарихи концепт пен бағалау критерийлері нақтыланады.

Тарихи концепт (фокус): маңыздылық
Жаңа ұғымдармен жұмыс
(М) Көзе, ат әбзелдері текемет, алаша
ұғымдарының мағынасын ашу
(Мұғалім жаңа ұғымдардың мағынасын мен таныстырып кетеді, оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)
Оқу мақсаты (тілдік): Оқушылардың академиялық, терминологиялық сөздік қорын дамыту
Зерттеу және талдау

М Зерттеу сұрағын ұсыну:
-Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениетінің өзгешелігі неде?
-Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениеті неліктен әлемдік мәдениеттің дамуында ерекше орын алады?
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
1-қадам.
(Т) Оқушылар алдымен бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, Орталық Азия халықтарының мәдени жетістіктер тізімін анықтайды. Сонан соң, тапсырма шарты бойынша анықталған жетістіктерді материалдық және рухани жетістіктерге топтастырады.

2-қадам.
(М) «Материалдық мәдениет салалары өзара бір-бірімен қалай байланысады? Қандай сабақтастықты байқауға болады?» деген сұрақ талқыланады.
(Т) Оқушыларға Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктері туралы мәтін беріледі. Мәтінде Орталық Азия халықтарының шаруашылық пен тұрмыс саласындағы, қолөнер, сәулет өнері, бейнелеу мен мүсін өнеріндегі жетістіктері туралы ақпарат қамтылады. Мәтін мазмұны оқылып, игерілгеннен кейін, алдыңғы жетістіктер тізімін толықтыру тапсырмасы беріледі. Сонан соң жетістіктер тізімін шаруашылық пен тұрмыс, қолөнер, сәулет және бейнелеу өнері салаларына топтастыру тапсырмасы ұсынылады. Әр топ материалдық мәдениеттің өздеріне бөлінген салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, материалдық мәдениет жетістіктерінің арасындағы байланысты көрсететін интеллект карта дайындауы керек. (Мысалы, көшпелі мал шаруашылығы – қолөнер (мал өнімдері – тері, жүн, т.б өнімдерден шеберлер әр түрлі бұйымдар жасайды...) Ең маңызды деген жетістікті анықтап, жетістіктің неліктен маңызды деп есептейтіндіктерін түсіндіруі қажет. Топтар жұмыстары дайын болған соң, сынып алдында жұмыстарының нәтижесін жариялайды.....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle