Сабақ жоспары (ұмж): Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Күйеуі әйелінен мына нәрселерді күтеді

Пән: Қазқастан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4. Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 ж. – бүгінгі күнге дейін)
Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру
Сабақ мақсаты: Білім мен ғылымның қоғамның дамуындағы маңызды ролін түсіну
Деректі материалдарды талдап, маңызын бағалау дағдысын дамыту.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу.
Зерттеу сұрағы:
Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның даму тенденциялары қандай?
(Б) Бастапқы стимул. Диалог. Қазіргі заманда әлемдік білім мен ғылымның дамуындағы қандай тенденцияларды білесіздер? (болжамдарын тыңдау, әңгімелесу)
(М) Қысқаша шолу. Білім саласындағы реформалардың негізгі мазмұнын проблемалық баяндау.
• Алғашқы жылдардағы қиындықтар. Оптимизациялаудың салдарлары;
• Білім, ғылым туралы жаңа заңдардың қабылдануы;
• Қазақстан -2030,2050 стратегияларында білім мен ғылымның ролі туралы;
• Жаңартылған білім бағдарламаларын қабылдау. 12 –жылдық білім беру;
• Білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігі. Халықаралық аккредитациялау.
(Д/Ж) Бейнематериал көрсетіп, сұраққа жауап алу. Инклюзивті білім беру деген не? (оқушылар қажетті ақпаратты жазып конспектілеп отырады)

Зерттеу мен талдау
(Д/Ж) 1-тапсырма. Дерекпен (А,В,С,Д,Е) жұмыс.
Дереккөздер материалын және біліміңізді қолданып, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның білім мен ғылым салаларының негізгі өзгерістерін талдаңыз. (Қосымша -1)
Дескрипторлары:
Деректерді оқып және білімін қолданып білім саласының бірнеше өзгерістерін анықтап, фактілер келтіреді;
Деректерді оқып және білімін қолданып ғылым саласының бірнеше өзгерістерін анықтап, фактілер келтіреді;
Білім мен ғылым саласының өзгерістері туралы талдауы бойынша ой-тұжырым жасайды.
(Бұл тапсырма оқушылардың талдау, жинақтау, білімін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған)
(Ф) Өзара бағалау немесе өзін өзі бағалауды қолдануға болады
Т/Ж) 2-тапсырма.
1991-2019 жылдардағы білім мен ғылымның жағдайына SWOT-талдау жасаңыз.
(Талдау кестесіндегі талаптарға сай, жауаптарын жазады, шешім ұсыныстарын келтіреді) (Қосымша 2.)
(Ф) Өзара топтық бағалау немесе жұптық бағалауды қолдануға болады
Интерпретация.
(Д) 3-тапсырма. Жаһандану кезеңінде білім мен ғылым экономиканы дамытуда ең маңызды роль атқарады. Осы тұжырыммен қаншалықты келісесіз? (Қосымша 3.) .....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Мандарин қабығының пайдасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle