Мен – заманауи ұстазбын

 Мен – заманауи ұстазбын

Ақтөбе обылысы Хромтау ауданы
«Абай негізгі мектебі» КММ-нің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Молшылық Кенжебек Молшылықұлы

Білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болуда, бірақ жалғыз өзгермес дүние, ұстаз – оқушылар алдында білім берудің нағыз шебері. Нағыз шебер өзінің күшті жақтарына сенеді, білім беру жүйесінің алға жылжуына ат салысады және оны оқушыларына үйретеді. Бүгінгі таңда қоғам мұғалімге жаңа талаптар қояды. Бүгінгі таңда мемлекет халықаралық стандарттарға сәйкес келетін білім сапасының алдыңғы қатарына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Ұстаз мәртебесін көтеру үшін жүйелі бастамалар жүзеге асырылуда, оның өте қиын және жауапты жұмыс үшін еңбек ақысын көтеруде. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде «Адамдағы ең жақсы нәрсе – ұстаздан» деген еді. Тұңғыш мемлекет басшысының мұндай жоғары сенімі бізге ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді және ойымызда «Мен заманауи ұстаз болу үшін не істедім?» деген сұрақ туындатады.

Оқушы үшін барлығы мектеп табалдырығынан басталады, ал мектеп ұстаздан бастау алады. Білім жүйесіне қандай өзгерістер енгізілсе де, қандай құрал – жабдықтар қолданысқа кірсе де, ұстаз мектептің өзгермес қазығы.

Күнде таңертең мен өзіме сұрақ қоямын: бүгінгі жаңа күн не әкеледі? Біз ұстаздар барлығына дайын болуымыз керек: науқас бала, ашуланған ата – ана, сыныптағы жанжал, оқушылардың қуанышы мен реніші, жетістіктері. Кейде оқушылар жаныма үнсіз келіп тұрғанның өзінде, олардың алдындағы үлкен жауапкершілігімді сезінемін.

Заманауи ұстаз қандай болу керек? Ол – көп білімді және кең жүректі адам. Ұстаз балалар психологиясын жетік меңгеріп, баланың әрбір жағдайын түсініп, қиын сәтте бала жүрегінен орын алуы керек. Және әр оқушының ата – анасымен тығыз байланыста болып, кез – келген мәселені оңынан шеше білуі қажет. Өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа дейін, мұғалім ата – ананы және оқушыны зерттеп, ортақ ойға келуі керек және тіл табыса алуы қажет.

Менің заманауи ұстаз болудағы үш ұстанымым, олар: оқушыларға деген сүйіспеншілік және олардың мүмкіндіктеріне шексіз сену, жұмыс істеудің тиімді әдістерін үнемі іздеу, балалармен және олардың ата – аналарымен ынтымақтастық. Жұмыс атқару барысындағы тағы бір басты ұстанымым «суық қабақ танытпай, үнемі күлімдеу», олай болмаса балалармен жұмыс жасау мүмкін болмайды. Ұстаз бала жүрегіне жол табу үшін, оны өзіне тартып, үнемі жылу шашып, оқушы өзіне сенім арта алатындай тұлға болуы керек.

Қазіргі дамыған заманда оқушыға соған сай білім беріп, бәсекеге қабілетті, өмір сүруде өз білімін тиімді қолдана алатындай, жеке маман иесі, жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ету ұстаздардың басты міндеті деп білемін. Еліміздің ең асыл қазынасы өскелең ұрпақты дамыта тәрбиелеуде, жаңашыл заманауи ұстаз ретінде өз үлесімді қосып жатқаныма қуанамын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі