Туған жер

 Туған жер

Авдолқызы Сара

....Осы сөз. Көңіліңді көтеріп, жүрегіңді тебірентіп, өзіңе күш-қуат беретін асыл қазына. Сонау ғарышта жүрсең де, туған жерің әрдайым есіңде болып, топырғын аңсайсың. «Туған жердей жер қайда, туған елдей ел қайда» демей ме кемеңгер халық. Халқымыздың басына түскен нәубет жылдарында «Елім-ай!» деп еңіреп , жүрегі қан жылап, тау асып, тарыдай дүниенің төрт бұрышына шашылған қайран қазағым! Сол кезден қанша су ағып, қанша жыл ауысты. Бірақ «Елім-ау!» деп еңіреп, зар тартқан үн ақын ағаларымыздың қолындағы қалам тартуына себепкер болды да, болып келеді.Туған жеріне деген ыстық сағыныш сезімі, перзенттік ыстық ықыласы, қанына сіңген «балалық борыш» деген терең ұғым – бәрі де талай керемет туындылардың дүниеге келуіне себепкер болды. Тағы бір даналықта «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл » делінген. Өзімнің арғы ата-бабаларым сонау 19 ғасырдың 60-шы жылдарында ақ патшаның отаршылдық саясатының салдарынан көп қиыншылық көріп, бірақ төзімі таусылған кезде Алтай тауларын асып Монголия еліне кетуге мәжбүр болды. Иә, сол кеткен сәтте қандай сезімде болды десеңші! Ата-бабамыздың төл жеріне, туған топырағымен қауышу мүмкіндігі тек бір ғасырдан астам уақыттан кейін әкелерімізге бұйырады. Жат елде жүрген жылдары балаларына өз ана тілін ұмыттырмай, ата салтын, ана сүтін қадірлеуді жас буын ұрпаққа сіңіре білген. Және елге оралған кезде өзімен сақталған бай мәдени қатпардың иегері бола тұрып, оны жергілікті халқының арасында насихаттап, тарата бастады. (Негізі үлгі аларлық жағдай).

Мінеки, далада 26 қараша, 2018 жыл. Мен , Авдолқызы Сара осы ойтолғау жолдарын туған елімнің топырағында бола тұрып, зор мақтанышпен, бірауыз сөзімен жеткізе алуға келмейтін керемет сезімде жазып отырмын. Мен қазақ қызымын! Мен өз туған жерімді мақтан тұтып, оның өркендеуіне бір титтей болсын үлесімді қосудамын. Қалай десеңдер, әрине үздік оқуменен, үлгілі тәртіппен, белсенділігіммен. Бойымдағы осындай керемет мақтаныш сезімді кей кезде қатарлас тұрған балаларға түсіну қиынырақ боп тұрады. Себебі мен сол «тағдыр тәлкегіне түсіп, тарыдай шашылған миллион қазақтың ұрпағымын». Оны жақсы түсіне тұрып, мен туған жерімнің қадір- қасиетін басқаларға қарағанда өзгеше сезінемін. Сондықтан бізден кейін келетін ұрпаққа Ахмет Байтұрсыновтың «ызыңдаған масасындай» болып , туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілік сезімін бойына сіңіру – өзімнің міндетім деп білемін. Қатарлас достар, келер ұрпақ ! Біздің қолымызға дүниенің бір кереметіне теңеуге келетін Туған жеріміз бар. Оның таулары, тасы, сарқырап аққан көлдері мен бұлақтары өткен тарихтан сыр шертіп, қазаққа өз тегін ұмыттырмауға зор күш береді. Бейбітшілік заманда тау , мұхит асып, о жақта керемет өмір іздемей-ақ туған еліңе қызмет қыл. Сонда ғана балалық борышың ақталып, келер ұрпақ туған жерінде, қазақ топырағына тамырын тереңге жіберіп елімізді «Мәңгілік ел» қылуына сенімім толық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!