Эссе: Жылдар

Эссе: Жылдар


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қыздарға кеңес: Жігітті өзіңе ғашық етуге 9 кеңес

1975 жыл. Біздің ауылда бір қарапайым отбасы бар еді. Тұрмысы нашар болатын-ды. Ол отбасының 2 баласы бар. Үлкені Зәуреш онан соң Дәрмен болатын. Анасы аурушаң, хәлі мәз емес-ті. Олардың жағдайы нашар болғанымен тату еді. Зәуреш бауырына жақсы қарайтын. Тәрбиесін өз мойнына алған.

Бір күні Дәрмен далаға шығып балалармен асық ойнап жатты.Сол кезде өзінен 2 сынып жоғары оқитын тәмпіш кемпірдің немересі Сәдір оның асықтарын қолынан жұлып алды.Бала да оған қасарысуда. Әрине, Дәрменнің Сәдірге күші жетпейді. Екеуі төбелесе бастады. Мұны көрген Зәуреш жан таласа жүгіріп жетеді де, Сәдірге дүрсе қоя береді. Тәмпіш кемпір келіп үлкен дау шығарады. Дау аяқталып, бәрі үйді үйіне тарқайды.Арада біраз күн өтіп, балалардың анасы аурудан көз жұмды.Бұл қасірет Зәурешке үлкен соққы болды.Зәуреш 17 жасқа келді. Әкесі көз жұмар алдында Зәурешті досының ұлына атастырды. Дәрменде өз теңін тауып қалаға кетті. Арада 6 жыл өтті. Қыздың 3 баласы болды. Алайда қуанышы көпке созылмай, күйеуіде жан тапсырды.Зәурешті өмірден түңілдірмеген 3 ұлы еді.Олардың аш қалған сәттеріде болды. Бірақ, тағдырдың онысына да төзді. Кіші ұлы Берік 2 жаста болса да, Зәуреш жұмысқа тұрды.Ақырындап балалары ер жетті. 2 ұлы отау құрды. 2006 жылы кіші ұлы да үйленіп,қызды болды. Көп ұзамай қалаға көшіп сонда жаңа өмір бастады.Зәуреш баласын Дәрменге сеніп тапсырды.Беріктің отбасы бақытты өмір сүріп жатқан еді. Алайда, 2015 жылдары жұмысы алға баспай, үйінен айырылып қалды. Мұны Дәрмен естіді. Бірақ әйелі екеуінің де қол ұшын созуға құлқы болмады.Берік амалы таусылып ауылға оралды.Ауылдағы ағалары көмек берді. Үй салып, шетелге жұмысқа кетті.Енді олар үшін дәптердің жаңа бір парағы ашылды.

Ал Дәрмен мен Заурештің арасы суып кетті. Олар бір бірімен ат құйрығын кесісті. Содан бері Дәрменнің жұмысы алға баспай,қарызға белшесінен батты . Үйінен береке кетті.

Міне, бұл жауапкершілік пен уәдеге берік болуды үйретеді.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бет тазалаудың кешкі ережелері



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle