Өмір өзен ағады

 Өмір өзен ағады

Самартаева Карлыгаш Жанболатовна

Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылулық ұялатады. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске алғанда тіпті ішек қатып, бір күліп те, жылап та аламын. Қазір жасым жиырма алтыда болса да, өткенді еске ала отырып, өмір сүру мен үшін қиын болды. Себебі, отбасымызда бес қызы және әкем мен анам болды.

Үйде әкеміз ғана жұмыс істейтін. Қанша қиналса да бізге білдірмей, сұрағанымызды алып беріп отыратын. Осы жағдайды іштей көріп, балалық шақтан бастап жұмыс жасай бастадым. Біреулерге жалданып көмекші болдым, сатушы болдым. Осылай жүргенде бір күні әкем еңбек демалысына шығып, алған ақшасына бізге компьютер сатып алып берді. Сол кездегі қуанышымда шек болмады. Сол компьютерге қызығып, онда түрлі бағдарламаларды үйренуге бар уақытымды жұмсап үйреніп жүрдім. Соның арқасында ақша таба бастадым. Яғни қағаз шығардым, әртүрлі тақырыпта шығарма, рефераттар жаздым.

Тапқан табысымды жинап, мектептегі ұлттық бірыңғай тестілеуге жұмсадым. Үйдегі әкемізді көріп, грантқа түсуге бар күш-жігерімді жұмсап, өз дегеніме жеттім. Осы сәтте мектептегі ең соңғы сабақ есіме түседі. Қазақ тілі сабағы болатын. Апай бізге кішкентай банканы алып келіп, «Тілеген 3 тілектерінді қағазға жазып, осыған салыңдар!» деген болатын. Мен еш ойланбастан қолыма қаламды алдым да ең бірінші оқуға грант арқылы түсу, екінші отбасым аман болсын, үшіншісі өзім мықты мамандық иесі болсам деп жазып бердім. Енді қарап отырсам, сол бала кезгі арманым орындалып жатыр. Ең бірінші Аллаға, екінші осы өмірге келуге себепші болған ата-анама алғысымды білдіремін. Қазір бақыттымын ата-анам, бауырларым бар. Және өзім бақытты ана, аяулы жар, ұлағатты ұстазбын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!