Туған жер - алтын бесігім


 Туған жер - ауылым алтын бесігім. Туған жер. . . Туған ел. . . Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңші?!Оның адам өмірінде алатын ерекше, киелі ұғым. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Ал мен үшін туған жерімнің қадірі әлемдегі ең ұлы дегенмен тең. Себебі, ол-сенің әлпештеп, аялап өсірген анаң мен әкең, туған-туысың, аға-әпкең, бізді білім жолына жетелеген ұстаздарымыз, сол білім жолына тай-құлындай тебіскен жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы балалық шағың, туған ауылның ауласы. Менің туған жерім, Отаным-кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Көктөбе жері.

Біздің ата-бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер. Әр адам бала күннен бастап Отанына деген сүйіспеншілік пайда болады. Осы мекенде көңілді шаттыққа толы балалық шағым өтті. Қызыққы толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпаймын. Балабақшадағы күндерім. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн. . . Сыныптас достарыммен алғашқы танысқанымыз. Бәрі-бәрі көз алдымда Осылайша мектеп табалдырығын аттайтын кқнімде аз қалды, аяулы мектебіммен, сыныптас достарыммен қоштасар сәтте жақындағанына да сене алмаймын. Мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті-жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше өмірдің үлкен кезеңіне аяқ баспақпыз. Мен-жас түлекпін алға ұмтылған.

Жас түлек-болашақ мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе-сонда жол тартпақпын. "Сенде бір кірпіш дүниеде кетігін тап та бар қалан"деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен "туған ауылымды тастап кете барамын" деген ойдың өзі киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туған мен үшін бөлек мекен. Неге екенін білмеймін сапарға кеткенде ауылымды қатты сағынамын. Қазақ атам айтқандай "отан оттанда ыстық" деген рас екен.  


Пайдалы сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу