Жаңа жыл мерекесінің шығу тарихы

 Жаңа жыл мерекесінің шығу тарихы

Ғалымдардың айтуынша, Жаңа жылды тойлау шамамен біздің дәуірімізге дейін 3000 жылы алғаш рет Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізеді. Мейрам кезінде жұмыс істеуге, жазалауға және сот шешімін шығаруға тыйым салынған.

Уақыт өте келе бұл дәстүрді мысырлықтар мен гректер жалғастырып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға тарай бастайды. Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22 маусымда тойланып, шарап құдайы – Диониске арналған. Гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталды.

Жаңа Жыл мерекесі әр елде әртүрлі тойланғанымен, оны барлығы бірдей асыға күтеді. Тіпті, желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап ауылда не қалада болсын қысқы мерейдің ажары байқала бастайды. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған. Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған. Сондай-ақ, Жаңа Жыл көне Мысыр елінде де тойланып келген екен. Ондаған ғасырлар бұрын шаруашылықта жаңа маусымға септік болатын Ніл өзені суының толассуының өмірлік маңызы бар болыпты. Сондықтан сол күннен бастап жаңа күнді тойлау дәстүрге айналып келеді. Бірақ орта ғасырларға дейін көптеген елдерде егін шаруашылығының бастауы мен өнім жинаудың аяқталуына байланысты Жаңа Жыл көктемде немесе күздің аяғында өткізілетін болған. 1600 жылдары аталған мерекенің тойлану уақыты күзден қыстың бас кезіне ауыса бастайды. Кейіннен бірінші қаңтарға ығыстырылғанымен, Григориан күнтізбесі енгізіліп, Жаңа Жыл он үш күнге созылады. Сол себепті әзірге дейін ескі жаңа жыл ресми болмаса да, 13 қаңтар күні тойланып келеді.

Жаңа жылдағы ең басты дәстүр – үй ішіне шырша қойып, ойыншықтармен безендіру. Алғашқы безендірілген шыршалар қазіргі Франция аумағындағы Эльзаста 1605 жылы пайда болған, деп санайды тарихшылар. Кейін біртіндеп бүкіл Еуропа шырша безендіре бастайды, әлбетте, әуелі дәулетті адамдар мен саудагерлердің үйінде ғана пайда болған. XIX ғасырда барлық жерде шырша қою дәстүрге айналды. Шыршаға ілуге арналған алғашқы шар тәріздес шыны ойыншық Тюрингияда (Саксония) XVI ғасырда жасалды. Шеберлер шыныдан әртүрлі пішінді ойыншықтар жасайтын болған: қоңырау, жүрек, аң-құс, шар, бүршік, жаңғақ. Содан кейін оларды көздің жауын алатын қанық түстермен бояған.

Келер жылы үлде мен бүлдеге оранып жүреміз деген сеніммен адамдар мейрам қарсаңында жаңа киімдерін киюге тырысады. Жаңа жыл алдында қарыз бермеген жөн. Ал өзіңіз біреуге қарыз болсаңыз, тездетіп қайтару керек. Ескі-құсқыдан арылу дәстүрі Италияда пайда болған. Адамдар осылайша жан дүниемізді тазартамыз деп сеніпті. Келе жатқан жыл жақсылыққа толы болу үшін мол дастархан жаю да ғұрыпқа айналған.

Жаңа жылдың ең маңызды дәстүрі – тілек тілеу көне ғасырлардан келе жатса да, әлі ұмытылған жоқ. Өйткені "Жаңа жыл қарсаңында қандай тілек тілесең де, әрқашан орындалады".


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!