ZHARAR | KZ | Шығарма | Эссе | Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

 Мен таңдаған мамандық
Аружан Қуаныш

Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э. Ф. Зеер

Мамандық - әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Мамандық таңдау өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдау. Өмірде басқа нәрседен қателессек те мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек. Себебі мамандық таңдау арқылы біз өз болашағымызды жасаймыз. Болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы біздің таңдауымызға байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Менің ойымша әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын мамандықты таңдау керек. Өзің сүйіп жасамайтын мамандықты таңдау-өмірдің қиыншылығын таңдағанмен тең. Жасөспірім шақтан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас шағымыздағы ең үлкен міндет-мамандық таңдау.

Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын Ұстаз мамандығы. Ұлағатты ұстаз болу, жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, өз білгенімді өзгеге үйрету ол менің жүрек қалауым. Ел қорғаған батырды, ақыл ойы терең данышпанда, он саусағынан өнер тамған шебер де, тілінен бал тамған ақында ұстаздан тәрбие алады. Мен де Қазақстанды дамытатын ақылына көркі сай ертеңгі елді болашағы болатын жас мамандарды даярлап шығарып, оларға білім бергім келеді.

Мамандық таңдаудың маңызды талаптарының бірі - сен таңдаған мамандықтың қоғамға қажеттілігі. Мен ағылшын тілі пәнінен ұстаз болғым келеді. Бұл мамандық қазіргі таңда қоғамға өте қажет. Біз өмір сүріп жатырған өркениетті қоғам күн санап дамуда. Осы заман ағысынан қалыс қалмау үшін тіл білген дұрыс. Сол тіл арқылы өзге елдермен байланыс жасап, сол жақтан үйренген біліктілігіңді өз елің үшін қолданасың. Бар әлем дамып жатқан да сенде бірге дамуың керек. Ал мен қазақ балаларының заманның даму көшінен қалыс қалғанын қаламаймын.Мен таңдаған мамандықтың маңыздылығы осында. Қай кезде болмасын Ұлағатты ұстаздардың қоғамдағы орны ерекше. Қазіргі таңда виртуалды ұстаз мамандығы пайда болған. Бұл мамандық болашақтың 10 мамандығы тізімінде бар. Заманға қажетті, өзіме ұнайтын бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін деп ойлаймын. Өз қызығушылықтарым мен икемділігімді бағамдай отырып осы мамандықты таңдадым. Мен таңдаған мамандық менің жарқын болашағым боларына сөзсіз сенімдімін.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Стамбекова Жулдыз - Сегодня, 05:45
Күнделікті сабақ жоспары

2 сынып казак тили

ZHARAR - Сегодня, 00:26
Әруақтарға құран бағыштау үлгісі  🕋 (мәтін, видео)

керемет құран бағыштау әдебі жарияланған

ш - Вчера, 21:37
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Қарлығаш - Вчера, 20:49
Отан, Туған жер, Қазақстан

Нұрзия

Ұлдықыз - Вчера, 20:24
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жауаптары жоқ па

Гость Аяулым - Вчера, 20:13
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 класс информатика сор одветы

Гость Назым - Вчера, 19:30
Анашым, мама

Мама сен алтынсын, Гүл боп жайқалып. Әрқашан күліп жүріңіз анашым!

Әсетқызы Нұрай - Вчера, 18:41
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалаи аталады

Әсетқызы нұрай - Вчера, 18:39
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалай аталады

Оааотаоа - Вчера, 17:21
Мен ҚАЗАҚ деген ел едім!

Маған ұнады