Шығарма: Менің Мұқағалиым

Шығарма: Менің Мұқағалиым


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Пайдалы Kеңестер

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Тереңсай жалпы орта білім беретін мектебінің
8 сынып оқушысы Тұрған Фатима

Сен мені білесің бе, білесің бе,

Бүгінде кім өсуде, кім өшуде.

Мұқағали ақынның жыр маржандарының ішінде осындай жолдар бар. Ақын тастаған сауалға білмеймін десем, оның рухы кешірмес пе еді. Әрине, білемін.

Осыдан сегіз жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған сәтімнен бастап-ақ Маржан апайымның:

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың -

деп, ақын жырымен бірінші сыныпқа қабылдағаны санамда жаңғырып тұр. Сол сәттен бастап - ақ Мұқағали өлеңдерін жаттап, бойыма сіңіріп келемін. Уақыт алға жылжыған сайын өлеңге деген құштарлығым арта түскендей. Иә, кеше ғана тұлымшағымда ақ бантигім желбіреп, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатынымды ойласам, тұла бойымды бейне бір жұмбақ әлем билегендей болады. Ертең өмірдің бір кіші болып қаланатыным хақ. Ақын жырларының қайсысын оқысаң да , терең иіріміне тартып, өлең құшағына қалай кіріп кеткеніңді сезбей де қаласың. Оқыған сайын бір жаңалық ашқандай марқайып, шаттанасың.

Мұқағали өлеңдері ең алдымен, өзін мына бізді ғажайып бір сиқырлы сезімге бөлейді. Ақын өмірін поэзиясыз елестету мүмкін емес. Ол өз өмірін өлең әлемінен тапты. Онсыз оған бақыт та, қуаныш та, тіпті, қайғы-мұң да жоқ. Оның ішкі жан-сырын поэзия арқылы танисың.

Ақын шығармаларынан адамгершілік, сүйіспеншілік, табиғат, туған жер, Отан, тіл, отбасы, өмір жайлы оқып өзіңе нәр аласың. «Үш бақытым» өлеңінде ана тілін туған халқынан, Отанынан әсте бөліп жармай бірегей қарауынан қуат алып, патриоттық сезімге бөленесің.

Ол жалындап өткен 45 жас ғұмырында өмір сүрген қоғамға мұңайып, көңілі түскенмен де келешектен үмітін үзбеді. Өмірдің қиын сәттері басына қара бұлт төндірсе де, артынан жарқырап күн шығатынына иланды.

Үзбеймін күдерімді жарықтан мен,

Үзбеймін күдерімді халықтан мен -

деп, үмітін үзбеді. Ол өзі өмірден өтсе де кейінгі ұрпақтары жырларын сүйіп оқып, өмірден өз бағасын алатынына кәміл сенді. Ақын өзін:

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»,-

деп, өлең әлемінде ешқашан өлмейтінін, өлеңмен өмір кешетінін , жас ұрпақ өлеңдерін жаттап , әндерін көк аспанда асқақтата шырқайтынын ақындық түйсігімен сезе білгенін байқаймыз.

Қорыта келе, бүгінде ақын өз арман-мақсатына жетті деп қабылдаймыз. Мұқағали өлеңдері өлмейтін, өшпейтін мәңгілік мұраға айналды. Иә, ақын аға:

Сенім артып келешек ұрпағыңа,

Жыр маржанын санаға құясың да,

Халқыңыз сізбен бірге мәңгі болып,

Үмітіңді ақтайды ұрпағың да,-

деп, өз ойымды жүрегімнен жарып шыққан жыр жолдарыммен аяқтаймын.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бас ауруы,себептері мен емі



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle