Досым деп жүріп, сүйіп қалдым

 Досым деп жүріп, сүйіп қалдым

6 сынып оқып жатқанбыз. Біздің сыныбымызға жаңадан бір бала келді. Өзі кішкентай сары бала болатын. Басында мен оған онша мән бермедім, жай ғана ол өзін жалғыз сезінбесін деген оймен сабақтардан көмектесіп жүрдім.

Жай досым, сыныптасым ретінде қарадым. Біраз уақыт өтті біз жақсы дос болып кеттік. Менде оған деген достықтан артық сезім болмады. Ал ол болса, мені ұнатып қалыпты.

Содан маған сөз салды. Ең алғаш рет естігенімде таң қалдым. Досым деп жүрген бала қалай мені жақсы көреді деп ойладым. Сосын жоқ деп жауап бердім.

Тағы біраз уақыт өтті. Арамыз қайтадан жақындай түсті. Ол мені үнемі әңгімеге тартып отыратын. Әдейі келіп менен даптер, қалам сұрайтын. Мен сыныптасым болғандықтан көмектесетінмін.

Арада 1 жыл өтті қайтадан келіп маған сөз салды:
-Қызым боласың ба? -деді
-?жоқ,-дедім
Арамыз алшақтап кетті. Жиі ұрысып қалатын болдық . Себебі мен оны жек көре бастадым. Ал ол болса қайтпады. Кішкене уақыт өткен соң қайтадан сөз салды. Мен қайтадан жоқ дедім. Солай күндер өте берді.

Бір күні параллель сыныпта оқитын бір баламен сөйлесе бастадым. Екеуміз ойын ойнадық, сол ойыннан мен ұтылып қалдым. Сүйтіп ол бала екеуміз ойын шарты бойынша 1апта қыз жігіт болып жүруіміз керек болды. Мен амал жоқ келістім. Солай мен онымен ойын ретінде жүрдім. Ал ол туралы сыныптасым естіп қойыпты. Сонымен ол баланы жекеге шақырып алып, төбелесіпті.?
-Ол менің қызым, оған жақындаушы болма! - деп айтыпты. Сонымен ол бала ойыннан бас тартты. Мен келістім қуана-қуана?. Бірақ мен оны білмедім.

Осылайша 3-4 жыл өтті. Ол маған жалықпай сөз сала берді. Ал мен бұрынғыша жоқ, жоқ деп жауап бердім. Сыныптастарымызда бізді қоса бастады. Бірдеңе болса болды екеумізді қосып қоятын болды. Сабақ уақытында әзілдесіп отыратын. Ал ол істері маған ұнамайтын. Сол үшін тіпті кейде жылап та алатынмын.

9 сыныпты да бітіруімізге аз уақыт қалды. Мен 9 сыныптан кейін колледжге түсемін деп шештім. Мектептегілердің бәрі мені жібергісі келмеді. Қалдыруға көндіруге тырысты. Алайда менің 11 сыныпқа қалып 2 жылымды бос өткізгім келмеді, әрі ҰБТ тапсырамын деп басымды қатырып, қиналғым келмеді. Солай бәрібір 9 дан кейін кетемін деп шештім. 9 сыныпты да бітірдік. Енді аттестат алу керек. Бәріміз бір-бірімізді қимай жүрміз.

Осы уақытқа дейін ол баланы жек көрсемде оның маған әрдайым көңіл бөліп жүретініне үйреніп, бауыр басып қалыппын. Жылдың соңына қарай ол бала мені ұмытамын деп шешіпті. Сол үшін басқа қызға сөз салуға тырысып жүр екен. Мен оны естіп, оны қызғанып қалдым. Себебі ол әрқашан маған көп көңіл бөлетін. Сол кезден бастап менде қызғаныш сезімі ояна бастады және өз-өзімді түсінбейтін хәлге жеттім. Оны көргім келе беретін болды. Оның маған көңіл бөлмей қойғаны жүрегімді ауырта бастады. Оны жек көрем деп жүріп осылайша жақсы көріп қалғанымды байқамадым.

1 ай өтті.... мен оған жазсам ол маған қысқа ғана жауап жазатын болды. Ал менің сол ісіне жыным келді. Енді нестеймін деп көп ойландым. Өз-өзімді ретке келтіріп оған басқаша жаза бастадым:
-Сен қандай адамсың?
-Неге менің өмірімде пайда болдың?
-Ол қызды шынымен жақсы көресің ба?
-Мені ұмыттың ба?
-Мен сені жек көруші едім ғой!?
-Қалайша сен маған ұнап қалдың?-деп шыдай алмай жаздым. Себебі жүрегім шырылдап жатқан болатын сол адам деп. Содан кейін ол түсінгендей болды. Лезде жауап жазды:
-Өзің ғой енді қарамай қойған
-Менің қолымнан басқа не келеді енді?
-Мен сені әліде жақсы көремін, ол қызға жай ғана сені ұмыту үшін сөз салмақшы едім - деді.

Кішкене үзіліс....

Қайтадан жазды:
-Қызым боласың ба?
-Сенің 2 ақ жауабың бар:
1) ия 2) әрине, - деді
Мен
-Ол қалай сонда?-дедім
-Кәдімгідей,-деді де
-Жауап бергің келмесе бермей ақ қой! Бәрібір жүреміз! Енді сен менің қызымсың!-деді.
-Мен іштей қуанып,
Мммм.... Жарайды -деп жауап бердім.

Ол мен үшін бәрін істеді. Тіпті мен түскен колледжге де түсті. Маған ол колледж ұнамай қалды. Содан кейін басқа колледжге ауысып кетіп едім, ол да ауысты. Мені шынымен де жақсы көретініне көзім жете бастады және оған деген сезімім күшейе түсті.

Қазір біз 2 курс оқып жатырмыз. Яғни жүріп жүргенімізге 2 жыл болды. Осы 2 жыл ішінде біздің басымыздан өте көп оқиға өтті. Мен бақыттымын. Әрі осындай жан менің өміріме кездескеніне Аллаға сансыз шүкір деймін.


Р.С. Менің осы уақытқа дейін түйгенім. Бұл өмірде ең бастысы жігіттің сүйгені екен. Ал қыз баласы жай ғана ұнатса болды.

Жігіт сүйсе алады, қыз сүйсе қалады,-деген мақалдың рас екеніне көзім жетті.
Бір-бірімізді жақсы көре білейік❤?

Роза

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!