Шығарма: Қорқыт ата

Шығарма: Қорқыт ата


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Алладан жарылқау тілеу дұғасы

Қорқыт - композитор, жыршы, ақын, музыкант, ойшыл, бақсылардың қамқоршысы. Халық оны «қобыз атасы» деп те атаған. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы.

Қорқыт ата VII ғасырда Сырдария өзенінің бойындағы бұрынғы Жанкент қаласында өмір сүрген. Кемеңгер тұлға дүниеге келмес бұрын анасы оны құрсағында үш жыл көтерген деген аңыз әңгіме бар. Ол дүниеге келгенде табиғат тылсымы ерекше күйге енген. Қатты боран соққан. Күн тұтылып, үш күн бойы күннің көзі көрінбеген. Қара тұман басқан. Сол себептен оған «Қорқыт» есімі беріліпті. Ойшыл жыраудың өмірін зерттеген ғалымдар оның есімінің мағынасын түрліше болжаған. Бірі «құт әкелетін адам» десе, енді бірі «өмір тоқтады» деп болжаған. Бір қызығы, Қорқыт ата дүниеге келе сала тілі шығып, сөйлеп кетіпті. Тіпті туыла салып жүріп кеткен деген де аңыз бар.

Қорқыт пен қобыз егіз ұғым. Тіпті, халық аңызына қарағанда, қобыз аспабын Қорқыт ата жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан болып шығады. Көптеген аңыз арқауына айналған қобыз аспабы қазақ ұғымында қасиетті саналады. Қарапайым жұрт оны қолдарында ұстауға да қорыққан. Себебі, «қобызды тек бақсы сияқты ерекше сиқырлы қасиетке ие жандар ғана ұстайды» деген түсінік қалыптасқан.

Қорыта айтқанда, Қорқыт – бағзыдан жеткен түпкі сенімді серт етіп, түрік бітігінде «мың жылға, түмен күнге жететін» өсиетін өрнектеген Тоныкөк пен ислам өркениетіне тәу еткен Ясауи аралығындағы рухани кеңістікті ұластырып тұрған біртуар кемеңгер. Географиялық тұрғыдан қарасақ алтын беік, баба мекен Алтай, оғыз-қыпшақтың атажұрты Сыр бойы, кейінгі кенже топырақ Кавказ бен Анадолы аймағын өз есімі арқылы біріктіріп тұрған толағай тұлға.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ас қорытуға пайдалы азық-түліктер





Комментарии для сайта Cackle