Еліміздің тәуелсіздігі – ұлы жеңіс

 Еліміздің тәуелсіздігі – ұлы жеңіс

Мухтарова Аяжан
ШҚО, Семей қаласының
«№48 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 10 сынып оқушысы
Жетекшісі: Алпысова Меруерт Ерлановна

Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтықнамысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Н.Назарбаев
Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ армандарынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ халқы үшін XX ғасыр «тар жол, тайғақ кешулерден», соқтықпалы, соқпақсыз жерден тұратын, отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың ортасына дейін жалғасқан сталиндік геноцидті қамтитын зұлмат дүние мен талай жетістікке жеткен қуанышты сәттерді қамтиды. Қазақ елінің басынан бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Бұл қиындықтарға көңілі дархан қазақ елі де бетпе-бет келіп сабырлы мінез танытты. Басынан қанша қиындық өткерсе де елімнің басты міндеті мен мақсаты қазақ халқын сақтап қалу, тәуелсіздікке қол жеткізу болды. Осы қиын да қатерлі жолдан өтіп, бүгінде көкбөрінің ұрпағы 25 жыл тәуелсіз қазақ мемлекетінде өмір сүріп келеді. Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлыбайтақ жері бар, еркін халқыбар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолыда ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастақаны, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркіл елміз. Бүгін Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Оның дәлелі қысқа уақыт ішінде атқарған экономикалық, әлуметтік іс-шаралар жиына. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Осындай істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болды. Әлемнің 113 мемелекеті қазақ халқын қолдап, онымен жақын танысуға ниет білдірді.
Мен – өркениет өріне қадам басқан еркін елдің өренімін. Өткенге бойлап, бүгінді ақыл таразысына салып баға беру, ғасырлар тоғысында өмір сүріп жатқан қазақ мемлекеті туралы өз пікірін айту менің де парызым сияқты. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым-қатынас орнатты. Елдің абыройын, ұлан-байтақ жеріміздің тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шартқа қол қойылды. Менің Қазақстанымның тәуелсіздігі әлемдік саясатта өз бейнесін еркін танытқан тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдырымен, 1991 жылғы Тәуелсіздік алу жайлы Конституциялық заңмен байланысты басталғандай көрінеді. Себебі еліміздегі тыныштық, төріміздегі Ата Заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, Елбасының, біртуар азаматтардың жанқиярлық істерінің нәтижесі.
Халықтан тумай, туады кімнен алыптар,
Сенсеңіз егер сенуге татыр халық бар.
Бүгінгі мен тарихтағы орын бір емес,
Болашақ өз бағасын берер, анықтар, - деп Қадыр ақын жырлағандай, Елбасы біреу де, оған қашанда елжұрты тіреу болмақ. Міне, аталарымыздан аманқа қалған жерімізді сақтап, салтдәстүрімізді мадақтап, бойымыздағы бізге ғана тән мінезімізді жаңашыл көзқараспен ұштастырып, болашағымыздан үкілеп үміт күткен, теңдесі жоқ бейбітшілікті ту етіп ұстап келе жатқан елім, менің Қазақстаным осындай! Мәңгі жаса, менің Қазақстаным!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!