Байлығымыз да, бақытымыз да болған Тәуелсіздігіміз

 Байлығымыз да, бақытымыз да болған Тәуелсіздігіміз

Қалибекова Ақерке
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы
«Көкжота орта мектебі»КММ 8-класс оқушысы
Жетекшісі: Мухамбетова Гульмира Ратаевна

Мәңгілік Ел ұғымы, қасиетті, киелі,
Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені.
Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы,
Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі.
Асыл арман жолында қаншама жұрт қан кешкен,
Аждахамен алысып, алпауытпен белдескен.
Өсиетін ойдырып қара тасқа ақыры,
Қара жердің бетінен зым- зия боп мәңгі өшкен, - деп ақын Несіпбек Айтұлы жырлағандай Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Мәңгілік Ел» деген сөзді естігенде «Өткенге бұрылып басыңды и, ертеңге қарап білегіңді түр» деген ғұламаларымыздың сөзі ойыма оралды.
Жер бетінде тауқыметті көп көрген халықтың бірі- қазақ халқы. Иә, орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар- ожданымыз табанға тапталды. Қолдан жасалған аштыққа душар болдық, зұлматтың құрығына түстік. Өзгенің тарихын өзімізге теліп оқыдық. Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, көшіп- қонған жұртын орнықтырып ел ете алмай Абылайдың қайғы жұтқаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; «Еділді келіп алғаны- етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны, Әдіра қалғыр, Үш Қиян» деп Мұрат ақынның күйзелгені; «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?»- деп Абай атамыздың қабырғасы қайысқаны бізге тарихымыздан белгілі емес пе? Ата- бабаларымыздың аңсап кеткен арманы шындыққа айналды. Көгімізде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтады, Тіліміз өз мәртебесін алды. Бір сөзбен айтсақ тәуелсіздігімізді алдық, ешкімге жалтақтамайтын егеменді ел болдық. Әрине, көп уақыт өте қойған жоқ, не бары жиырма бес жыл. Осы азғантай ғана уақытта бұрын-соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет- Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Ұлы көштің бастаушысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Арғы-бергі заманда осындай ұлан- ғайыр мемлекет орнатып, халқының көңіліндегісін тауып, көкейіндегісін істеген Назарбаевтай кісіні Ұлы даланың тарихы білген емес.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр»,- деген еді. Енді міне, киелі жылқы жылында «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымызтүркілердің Мәңгілік Ел идеясын-Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр. Мәңгілік Ел ұғымы ақын Несіпбек ағамызша:
Мәңгілік Ел боламыз деп отырмыз жуырда,
Мәңгілік Ел белгісі- желбіреген Туыңда!
Еркін жүрген еліңде, аспаныңда, жеріңде,
Еркін ұшқан құсың да, еркін аққан суың да! - иә, Мәңгілік Ел болуға бізде үлкен негіз бар, өйткені біздің - Мәңгілік Ана Тіліміз бар, қаншама елді өзіне тартып, таңқалдырар- Елордамыз бар, түн ұйқысын төрт бөліп, елінің қамын ойлаған- Елбасымыз бар. Ең бастысы, қателесуге мүмкіндік бермейтін- бағытымыз бар.
«Біздер, қазақстандықтар- бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр- бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел- жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Ендігі ұрпақ- Мәңгілік Қазақтың Перзенті»- дей отырып елбасымыз еліміздің, яғни, Мәңгілік Еліміздің болашағы мына біздің қолымызда екендігін де ескерте кетті. Шындығында да еліміздің тағдыры бізге байланысты. Бұл күнге оңайлықпен жетпегенімізді біз ешқашан есімізден шығармауымыз керек. Бұл күнде бабаларымыздың жүріп өткен ізі мен қыршын кеткен өмірі, ғасырлар бойы аңсаған арманы жатыр емес пе? Сондықтан біз үнемі алға ұмтылып, білім алып, өмірден өз орнымызды адаспай тауып, елімізге адал қызмет ететін азамат болып шығуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауға шақыра отырып, шығармамды балғын жүрегімнен шыққан мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Талай сыннан өттің, қайран қазағым,
Татпа енді өмірдің ащы азабын.
Іргетасың берік болсын әрқашан,
Бір өзіңе аусын елдің назары.
Орындалсын, халқым, сенің арманың,
Мәңгіліктің атсын күліп таңдары.
Аруағы жебеп ата- бабамның,
Қолдайықшы қазағымның Мәңгілік Ел болғанын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!