Шығарма: Тәуелсіздік-ел ертеңі

Шығарма: Тәуелсіздік-ел ертеңі


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Утарова Іңкәрім
Мекені: БҚО Теректі ауданы, Талпын ауылы
9-сынып Талпын ЖОББ мектебі
Жетекшісі: Уразгалиева Ботакөз Бекежановна

Туған елім – тірегім!
Н.Назарбаев
Атамекен – халқымыздың ерте заманнан берi мекендеп, суын iшiп, өсiпөнiп, өмiр сүрiп келе жатқан кең байтақ жерi. Атамекен дегенде алдымызға айдын шалқар көлдерi мен мөлдiр бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерi, алып таулары мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайлар, кең байтақ, ұлан-ғайыр далалар келедi. Бұл жердiң тарихы – Қазақстан тарихы. Н.Ә.Назарбаев: «Әрбiр адамзат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» деген аталы сөз келтiрген. Қазақ халқының өткен тарихы – ата-бабамыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресiнiң тарихы. Отансүйгіштік – адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байта Отанымызға деген сүйіспеншілік. Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезініп, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзімізге тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеміз. Біз осы ұлан байтақ жерде, осы мекенде туғанымыға шын мәнінде де бақыттымыз. Себебі біздер қазақы иісі аңқыған Бейбарыстың, жырлары жалын атқан өр Махамбеттің, қазақта дана да, дара болып кеткен асыл Абайдай ұлылардың ұрпағы емеспіз бе? Қазақ жерінде туып, қазақ жерінде өсіп-өніп өркендеп отырған әрбір өскелеңнің жүрегі «Менің елім - Қазақстан» деп соғуы тиіс деп білеміз. Ендеше, асыл елім, кіндік қаным тамған жерім, жүргіміз тек сен деп соғады. Имандылық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен ізгілікке толы жанымызды, жүрегімізді таңғы шықтай таза ұстап,еліміз үшін адал еңбек етейік дегім келеді. Бүгінгі ұрпақтың тыныш өмір сүріп отырғаны, Алланың маңдайын жарқыратып халқына берген Нұрсұлтандай патшамыздың арқасында екенін айқын білеміз.Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-дегенеді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным – сенімінен туындайды. Мен өз елімнің шын мәніндегі патриоты болуға лайықпын деп сеніммен айтқым келеді.
Тәуелсіз қазағым, Адымда тек алға.
Тіліңд қадірлеп, Жеріңді сен қорға.
Көк туың желбіреп, Гүлдерің жайқалсын.
Көңілің бөленсін, Нұрлы ақ шуаққа.
Тәңірім сыйласын, Тыныштық қазаққа.
Біз бүгінг ұрпақ ертеңгі өз еліміздің көк байрағын көкке көтеретін азаматтар мен азаматшалармыз. Еңселі еліміздің мәртебесі биік және өзге дамыған елдердің қатарында иық тіресіп тұратындай дәрежеге жетуі үшін де біздің сіңірер еңбегіміз зор екендігін жақсы түсінеміз. Елімізге деген шынайы сүйіспендік пен нағыз ұлтжандылықты біздер мектеп қабырғасынан, отбасынан жүрегімізге ұялатып өсіп-өніп келеміз.
Ата-бабаларымыз келер ұрпақты біздің ертеңіміз, болашағымыз дептүсінген. Жаман туған бар болса, жаман жолда көп болса, жазаны содан көрерсіз деп ашына айтқан сөздері осының айғағы. «Егдеге - ізет, жасқа-жол» немесе «Кәріге құрмет, балаға - міндет» деп тәрбиенің ұшығын осылай бастаған. Қыранның түлегі қияға ұмтылар болар, биікке самғар болар. Қауымда өмір сүрген адам қоғамнан тыс қала алмайды. «Ер жігіт үйінен шықса, үйіріне қосылады». «Көптік қайда болса, тоқтық сонда». Не көрсең де еліңмен бірге көр деген халық сөздерінен ұрпағын жасынан ынтымаққа,бауырмалдыққа тәрбиелегенін көреміз. «Атадан жақсы ұл туса,елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді». Әр азаматтың аяулы борышы-туған елін, туған жерін адалдықпенсүю. Өз елінің нағыз ұлтжанды азаматы болу. «Жақсының көкірегі – елге қалқан» ендеше, елшіл, отаншыл, білімді ұрпақ болып шығу басты міндетіміз. Әттең қолдарындағы телефондарына үңілген ұрпақты көргенде, еріксіз басыңды шайқап, жүрегің сыздайды. Айналаға қөз салмай, жан-жақты ойланбай, тереңге бармай мәңгүрт кете ме дейсің. «Түзелмеген қате жанды жейді». Қазір ескермесек, кеш болады. Ертең зықыңды шығарады, . Қателігін дер кезінде сезінген азамат – қайраткердің өзі. Өзін – өзі аяғыш, жалтақтың бәрі әлжуаз, қолынан келері шамалы қорлар болып шықпай ма? Білместіктің Елді сүю ердің сөзінен ғана емес, қайрат-жігерінен көрінсе керек-ті. Бейбіт күнде еңбегімен елін сүйсіндірерлік нағыз ұлтжанды азаматқа тән қасиеттері бар ұрпақ болып тәрбиеленсек, міне нағыз еңселі еліміздің азаматтары болып шығарымыз анық. Жалғанның жартысындай жалпақ сахарасын қазақ халқы жеріне қамал-қорғандар тұрғызбай-ақ ғасырлар бойында кеудесімен қорғаған қаһармандығы сөз жоқ толқынтолқын боп кезектесіп өскен жас буынды ерлікке, батырлыққа, азаматтыққа, отансүйгіштікке ерте баулып дайындағанның нәтижесі болмады ма? Қоян мінез қорқақтық пен опасыз сатқындықты ата-бабаларымыз өлтіре шенеген. Халқымыз қуыс кеуделерді ілтипатқа ешқашан алған емес.
Халқымыз осы пікірд әрдайым ұрпағына қатаң ескертіп отырған. Сондықтан дәл бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың санасына ата-баба ізі мен жақсы қасиеттерін үнемі алға тартып,ошақ басынан отансүйгіштікке тәрбиеленгеніміз жөн. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» дегеннің өзі де азаматтық қасиеттерге баулып отырған жоқ па? Ал осыны бүгінгі ұрпаққа біздер қалай жеткізіп отырмыз деген сауалдар сананы әркез мазалайды. Бүгінгі баланың санасы қандай,оған қандай жағынан келіп, тәрбиенің ұшығын қалай себуге болады. Тәрбие біздің жүрегімізде ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек. Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының өзі тәрбиелі-тәртіптің құлы деп айтқан жоқ па? Ұлы Отан соғысының өзі қаншама жастың жүрегіне ұлтжандылықтың нұрын септі. Соғыс әкелген жантүршігерлік кесапат пен қорқыныш, зұлмат пен зобалаңның өзі сол кездегі өскелең ұрпақтың санасына нағыз отансүйгіштік пен нағыз азаматтықтың ұрығын септі емес пе? Ұл-қыздарымыздың нағыз батырлық әрекеттері де осы қан майданда көрінді. Сөнбей жанып тұрған мәңгілік алау соғыста қаза болған жауынгерлер үшін мәңгілік құрмет болса,осыны әрбір жас, ұрпақ, жеткіншек санасымен жете түсініп, осының өзінде ұлтжандылыққа тәрбиеленуі тиіс.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Емханаға тіркелудің қандай жолдары бар?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle