ZHARAR | KZ | Шығарма | Тәуелсіздікті сыйға тартқан батырлар

Тәуелсіздікті сыйға тартқан батырлар

 Тәуелсіздікті сыйға тартқан батырлар
Хамитова Лиза
10 сыныбы №5 көпсалалы мектеп-лицейі
Степногорск қаласы, Ақмола облысы
Жетекшісі: Ережепова Гүлбира Батырқызы

Жарқырай шыққан әрбір күн...
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, тәуелсіздік ...
Бұл тақырып, бұл ұғым маған бұрыннан белгілі. Алдын да дәл осы тақырыпқа көптеген шығарма жазғанмын, мінеки, бүгін де жазудамын. Әрине, бұл өлмейтін тақырып болғандықтан, тәуелсіздік туралы үздіксіз жаза беруге болады. Бұл тақырыптың мәнін ашу үшін сонау тарихқа көз жүгірту керек сияқты. «Бүгінгі кезді түсініп-түйсіну үшін өткен кезге көз жүгірту керек», - дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал енді тарихымыздың сарғайған парақтарын ақтарып көрейік: ежелден біздің атабабаларымыз ешкімге соқтықпай жай жатқан ел еді, дегенмен жеріне жау тисе, найзасының ұшына үкі тағып, ешкімге басындырмайтын ел болды. Ұлдарын құл, қыздарын күң етпеген халық болды. Айталық, сан ғасырлық тарихымызда ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған азаматтарымыз көп болды. Олар шырылдап шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша, жаумен соғысып, бізге осы Тәуелсіздікті сыйға тартты емес пе?! Мен білетін – Күлтегін мен Тоныкөк.
Олар – батыр, қолбасшы. Өздерін бала кезден жауынгер ретінде танытты. Күлтегін бала жастан сарбаздар қатарында тұрған. Былай ойлап қарасақ, бала деген он жасында доп қуып жүреді емес пе, ал Күлтегін сол жаста ел қамын ойлап, ат үстіне қонған батырлардың басшысы болды. Осының бәрі біздің еркіндігіміз, біздің болашағымыз үшін еді. Күлтегін өз жерін ерлігімен, батырлығымен қорғаса, Тоныкөк өзінің даналығымен қорғады. Осы екі тұлға «қазақ жері» деген қайнар бұлақтың басын ашып кеткендер! Ал Тұмар патшайым. Ол туралы сөз бөлек. Шашын төбесіне түйіп, қыз да болса, батыр жүрегімен «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат!.. – деп шырылдап, өз Отанын қорғай білген батырларымыздың бірі.
Содан бертін келе Жәнібек, Керей, Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан және Абылай секілді небір ардагер хандардың жаугершілік замандағы тапқырлығы, болашақты болжай білген кемеңгерлігі, халықты біріктіріп бір тудың астына жию – ол құдіреті күшті басқару жүйесі болатын. Меніңше, қазақ хандығы шаңырақ көтергеннен бастап, өмір сүрген төрт ғасыр ішінде бұл хандық Еуразия даласындағы АЛЫП мемлекетке айналды. Әрі еш жерде болмаған демократиялық қоғам орнатты. Ал онда «жаным арымның садағасы» деген текті де жаужүрек жұрт мекен етті. Мұндай Ұлы мемлекеттің алыптығына басқа елдер қызғанышпен, арманмен қарады.
Енді билер туралы сөз бастасам, өзімді тоқтата алмай қаламын ба деп қорқамын. Үш бидің қатысуымен жасалған «Жеті жарғы» - ел бірлігін сақтауға негіз болған заңдар жиынтығы. Менің ойымша, елде тәртіп пен қағида болмаса, ел бүтіндігі жойылады. Елде алауыздық, рулар арасында тартыс туады. Ел ыдырап жатса, егемендіктен айрылып, басқа елдердің жемтігіне айналуы еш нәрсе емес. Сол себепті ел басқарған хандардың билігі бір төбе де, қазақ билерінің дана ойларының мәні бір төбе. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр жерімізді батырларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бұл батырларымыздың бірін білсек, бірін біле бермейміз. Ал кейбір батырларымыз қаруын иығына асынып, жауға шабумен қатар, оларды рухтандырып жыр-толғаулар да шығарды. Олар Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Үмбетей, Жиембет, Бұқар жырау. Батыржыраулар жыр айту арқылы айқас алдында жауынгерлердің рухын көтеріп, қолбасыларға мадақ жырлар арнаған. Өз Отаны үшін жанын пида етіп, соғыста қаза болу бұлар үшін қасиетті өлім болып саналды.
Біздің қазақ халқы үшін ең бастысы – еркіндік пен бостандық. Өз өмірін осы бостандық пен еркіндікке арнап, ел өмірі үшін жанын қиған қазақтың соңғы ханы Кенесары есімі ел есінде ар-намыстың, қаһармандықтың, хас батырлықтың белгісіндей.
Ұлт-азаттық қозғалыс тым ұзаққа созылды. Ал Исатай мен Махамбет, Сырым бастаған көтерілістер – тәуелсіздік үшін күрес көпіріндегі тәуелсіздікті аңсаған, бірақ қолдары жете алмаған тарихи оқиғаның бір шындығы. Исатай кім, Махамбет кім? Менің ойымша, Исатай – жаудан жанын аямайтын, жауласса қолдың алдында жүретін, қашса артында болатын жаужүрек батыр, артынан көпті ертетін сәуегей басшы. Ал Махамбет – бастан-аяқ Исатайдың қасында жүрген қанды көйлек жолдасы, жаумен жауласып, даумен дауласып, өлімге басын қиған нар тұлға азамат. Ал Мен – сол батыр-ақын Махамбеттің шөбересі боламын. Руым – Беріш, Он екі ата байұлынанмын. Мен де сол аталарымның жолын қуып, шыншыл, турашыл, елімнің нағыз патриоты болғым келеді. Елім туралы бір кемшілік айтылып жатса, жаным шырылдап, солармен шайқасуға дейін барамын. Меніңше, ол қанда бар қасиет рух қой!.. Ал менің аталарым «халық қозғалса, хан тағында тұра алмайтынын дәлелдеген батырлар! Міне, осы аталарымның арқасында бүгін тәуелсіздіке қол жеткіздік.
Шоқан, Ыбырай, Абай қоғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша ой өрбітіп, қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. Олар халқымызды білімге шақырып, көзін ашып, көкірегін оятуға барынша күш жұмсады. Кеңестік кезең тұсында да еркіндікті, тәуелсіздікті көре алған жоқпыз. Сталиндік әміршілдік-әкімшілік жүйе қазақ даласына ақылға сыймас небір керемет эксперименттер жасады.
«Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» -деп ұрандап шыққан азаматтарымыз Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқайлар сияқты ұлт зиялылары автоном мемлекет құруды басты мақсат етті. Дегенмен олардың арманы іске аспады. Қыршыны қиылғыр Қызыл империя алаш туы астына біріккендердің бәрінің көзін жойды. Сүттің бетіндегі қаймақты жойсаң, сүт майлылығынан айрылады, сол сияқты қазақтың бетіндегі қаймағының көзін құрту – қазақтың келешегіне балта шабумен тең еді.
Қызыл империя не істемеді десеңізші?! 1932-1933 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылық, 1936-1937 жылғы қырғындар әдейі істелінді. Тағы да бір эксперимент. Семейде атом бомбасының полигонында қазақты тағы да сынақтан өткізді. Не деген керемет жою саясаты десеңізші!.. Бәрі шебер жасалынған әдістер. Оның зардабын әлі де көрудеміз, алдағы уақытта да көре береміз.
Осындай нәубеттің ең сұмдығы 1986 жылы желтоқсан оқиғасы болды. Алаңға топ жарып шыққан азаматтардың қайсар үні, қазақ қыздарының қайратты қимылы тәуелсіздіктің туын желбіретті. Ал бұл тәуелсіздік біздің ел үшін өте қымбатқа түсті. Міне, сондықтан найзаның ұшымен, намыстың күшімен қорғаған ата-бабаларымыздың арманы болған, аманаты болған ТӘУЕЛСІЗДІКТІ қорғау – біз, бүгінгі ұрпақтың басты парызы. Шығармамды мына өлең шумақтарыммен аяқтағым келеді.

Жаса мәңгі қазақ елі!
Мен, мен едім, мен едім,
Егемен елдің үні едім.
Тәуелсіз елді жырлайтын,
Көк тудың алтын күні едім.
Ары таза, рухы өр,
Ұлы қазақ тірегім.
Сенің соққан жүрегіңмен бірге соғар ЖҮРЕГІМ.
Мың өліп, мың тірілген,
Асау мінез қазағым.
Маңдайыңда сорың қалың,
Тарттың тағдыр азабын.
Ақтарсам тарих беттерін
Аңқып тұрар азат үн,
Аждаһамен алысқан,
Күшін тыңда қазақтың!
Бодан болдық өзгеге,
Тайғақ кешу заманда.
Еркіндікті мәңгіге
Аңсамайтын ел бар ма?
Күлтегіндей атамыз
Арпалысты жалғанда.
Азат елді армандаған
Елтерістей хандар да.
Кір шалмаған арымды,
Сызат түспей тегіме.
Жау келгенде қан кешіп,
Өткізбедім төріме.
Бірлік туын желбіретіп,
Өмір сыйлап еліме,
Бас иемін, тағзым етем,
Абылайдай еріме!
Еркіндікті ту еткен,
Заңы бар мына даланың.
Көтеріліп халқы үшін
Жасаған олар зор адым.
Азаттық болды арманың,
Исатай халқым, қорғаным.
Махамбеттей батырдың шөбересі боламын!
Егемендікке жеткенше,
Айрылдық талай тарланнан,
«халық жауы» атанып,
Аса алмадық заңдардан.
Азаттық күттік сарылып,
Арайлап атқан таңдардан.
Мінеки ҰЛЫ ЕЛ болдық,
бүкіл әлем таңданған.
Өркениетке ілессін.
Мәңгілікке жарқылың!
Елімнің өссе мерейі
Қуанарсың барлығың.
Елбасы елге сыйлады,
Арайлап атқан таң нұрын.
Қазағыма шашты нұр
Нұрсұлтандай нар ұлың!
Қанымыз таза халықпыз,
Тек даралар туатын,
Жаһандану ғасырында
Танымал болды зор атың.
Болашаққа тірек болар,
Ұрпағың бар ұғатын.
Жаса мәңгі, ҚАЗАҚ ЕЛІ, Мәңгілік ел мұратым!
Қасиетті де қайратты ҚАЗАҚ ЕЛІМ, тәуелсіздігіңнің 25 жылдық торқалы тойы құтты болсын! САМҒА, ҒАРЫШТА, АЛҒА!!!
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Абдезимова Дана Изетуллаевна - Сегодня, 04:06
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

рахмет

Асқар - Сегодня, 02:42
Теміржол | Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару

Дипломдық жұмыс көмектесті

Гость Айбат - Вчера, 23:08
Дүниежүзі тарихы (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

1-бөлім «Бірінші дүниежүзілік соғыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырыптар

Мырзахметова Наргиза Каримовна - Вчера, 23:03
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Жақсы сайт. Қандай тапсырма іздесең табылады, және толық берілген.

Ержан Марал - Вчера, 22:49
Алгебра (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ТЖБ 9сынып Алгебра жауап

Гость Гулнур - Вчера, 22:46
Олимпиадалық тапсырмалар: Ағылшын тілі (5, 6, 7 сынып)

Жауаптары барма

Гость Диас - Вчера, 22:27
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Геометриядан 1 тоқсанның ТЖБ керек

Гость Жасулан - Вчера, 22:22
Ағылшын тілі (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

8 сынып ағылшын бжб 1 тоқсан бар ма

дозшозщ - Вчера, 21:56
Күз туралы шығармалар топтамасы

как дела

Хорошо - Вчера, 21:27
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мм