ZHARAR | KZ | Өлең | Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

 Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Бір пайғамбар атақты,
Өнерін жұртқа жайыпты.
Көзімнен бұл-бұл ғайыпты.
Бір пайғамбар Нүсіпті,
Қолымнан сұңқар ұшыпты.
Иманды болғыр, бауырым,
Қараңғы көрге түсіпті.
Биссимилла сөздің анасы,
Құранның отыз парасы.
Алла керек қылған соң,
Пенденің болмас шарасы.
Ағузыбилла биссимилла,
Айтайын, жұртым, сөз тыңда,
Аяулы қайран бауырым
Келмейді-ау енді қасыма.
Биссимилла деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Ардақты қайран, бауырым,
Күнәлі сөзге қоспайын.
Биссимилла деген сөзге бақ,
Мүдірмей сөйле тіл мен жақ.
Осылай болды-ау біздің бақ.
Жырламайын, жылайын,
Жыласын деді құдайым.
Қайғыны басқа салған соң,
Жыламай қайтып шыдайын.
Бауырым еді, құрмалым,
Құрмалым менің қорғаным.
Бауырым сапар шеккен соң,
Таусылар емес арманым.
Ойласам ойдан кетер ме?!
Шақырсам даусым жетер ме?!
Осыдан арман өтер ме?!
Манастың, шіркін, шарысы-ай,
Болмады дауа дәрісі-ай.
Бауырым сапар шеккен соң,
Жас пенен келді кәрісі-ай.
Ыстық ойдың жылысы-ай,
Тар болып тұр тыныс-ай.
Аяулы қайран бауырым,
Артында жоқ інісі-ай.
Көк жорға міндім бүгілтіп,
Көшеге салдым жүгіртіп.
Жер ортадан асқанда,
Кеттің-ау, бізді түңілтіп.
Саптасың үйге кеп отыр,
Өзіңді қайда деп отыр?
Артыңда қалып жұрағат,
Қайғыңның қамын жеп отыр.
Ақылың қалды айтылмай,
Асың да қалды сарқылмай.
Басшысын атқан аққудай,
Шуылдап қалды артыңда-ай!
Тау дегенім тас еді,
Тайлақтың жүні бас еді.
Иманды болғыр, бауырым,
Бір ауылдың басы еді.
Көктемшені жайлаушы ең,
Сазына бие байлаушы ең,
Иманды болғыр, бауырым,
Сен барда нені ойлаушы ек?!
Отырса, төре төбе еді,
Төрт қырлап шапқан кеме еді.
Атағы қара демесең,
Төреден несі кем еді?!
Қырмызы қызыл жібектей,
Ертіске құрған шүмектей,
Айдының жаным бар еді-ау,
Жолбарыс жатқан түбектей.
Асыл боп туған гауһар тас,
Іздесем ізің табылмас.
Қайтейін сенен айрылдық,
Туысың неге сағынбас.
Сөйлеуші-ең сөзді батылмен,
Қағыспаушы едің жақынмен.
Иманды болғыр, бауырым,
Істеуші ең істі ақылмен.
Қайыңнан құрық сүйреткен,
Жасаңға жылқы түнеткен.
Айналайын бауырым!
Соңғыға үлгі үйреткен.
Ат байладым арқанға,
Ақтұйғын қонар жалтаңға.
Қайғысыз қамсыз жүруші-ек,
Бауырым, сенің арқаңда.
Бауырым еді ақ маңдай,
Алтынға күміс жапқандай.
Қуаныш еттім сыртыңнан,
Жерден бір алтын тапқандай.
Тор жорға міндім толықсып,
Тойға да бардым бұлықсып,
Бауырым сенің тұсыңда
Отырушы едім ұлықсып.
Артықша туған затыңыз,
Тақтайға жазған хатыңыз.
Өзің кетіп, біз қалып,
Шуылдап отыр артыңыз.
Бауырым еді-ау айдыным,
Тұтылды менің ай-күнім.
Таба алмай адам баласы,
Шарасын тауысқан қайғының.
Аһ, дариға, жалған-ай!
Алланың салған парман-ай!
Көктеп бір тұрған бәйтерек,
Жапырағы қурап солғаны-ай!
Сүт кенжең еді Гүлденең,
Жасырақ жетім қалғаны-ай.
Аталап жүрген сәбидің
Лаққан қозыдай болғаны-ай.
Жылқы ішінде боз ойнақ,
Қолыма салдым жез ойнақ.
Әкелі-бала жасымай
Жүрмей ме «жарқ-жұрқ» көзі ойнап.
Алмалы бұлақ ағылар,
Алмасы жерге қағылар.
Кешегі жүрген бауырым
Іздесем, қайдан табылар?!
Айым да күнім тұтылды,
Алтын да сақам ұтылды.
Иманды болғыр, жалғызым,
Қайғысы қан боп жұтылды.
Ай қайтадан батар ма?
Алтыным жерге жатар ма?
Алтын да сүйек жалғызым,
Айшылық дөңде жатар ма?
Үйден бір шықтым Алла деп,
Басыма қайғы салма деп.
Үміткер болып келіп ем,
Жалғызым үйде бар ма деп.
Жан-жағыма қарайын,
Айнаға бетім салайын.
Өңім бе, жұртым, түсім бе,
Өлгенге қайтып нанайын?!
Мінгендей атым арғымақ,
Арғымақ жүрер қарғылап,
Жыламай, жұртым, қайтейін,
Сүйенген қалды-ау жар құлап.
Пышақ бір салдым қынамен,
Мешпен бір піштім сынамен.
Әлпештеп баққан балаңды,
Кеттің бе тастап шыныменен.
Манастың тойы сар дала,
Серуенге шығар бозбала.
Иманды болғыр, жалғызым,
Ғұмырың болды-ау аз ғана.
Екінті намаз парызды
Өтеріңе келгенде,
Айта алмай кеттің арызды.
Базардан келген бір ғой кез,
Алладан ажал келді тез.
Иманды болғыр, бауырым,
Тілей ме бізден арман сөз.
Оқыдық құран басыңа,
Мол атап малды асыңа.
Ажалдың оғы кез болды-ау,
Тоқтатқан ақыл жасыңда.
Қалайы салдық қапсырып,
Қасына найза жапсырып.
Басына барып біз қайттық,
Бір Аллаға тапсырып.
Шындық өзі мекенің,
Тақия симас шекелім,
Зиратыңды көргенде,
Білмедік, Алла, не екенін.
Сары аралас қолымды,
Сарғайдым, бауырым, жолыңда.
Сарғайтып бізді қойғанша,
Алмаған екен алдыңда.
Көк орамал көңілді,
Көкседім бауырым өзіңді.
Көксетіп бүйтіп қойғанша,
Бермеді-ау, маған өлімді.
Біз таң қалдық жалғанға,
Көндік-ау тәңір салғанға.
Кенженің тойын көре алмай,
Жете алмай кеттік арманға-ай!
Мінгенде атым кекілді,
Тас қорғаным-бауырым,
Келмеске барып бекінді.
Аяңдамай желе жүр!
Қамшыңның ұшын бере жүр!
Артыңда қалған ұрпақты
Аруағыңмен жебей жүр!
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Адеми - Сегодня, 08:51
Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған 1тоқсан керек

Хурма нуржол - Сегодня, 08:31
Алгебра [ЖМБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Бұл маған ұнайды

Хурма нуржол - Сегодня, 08:29
Алгебра [ЖМБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

маған бұл ұнайды

Чайбекова мариям - Сегодня, 07:53
Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жауабы анаи гои

Карим - Сегодня, 01:16
Ғылым таппай мақтанба - Абай Құнанбаев өлеңі

Ғылым таппай мақтанба өлең күшті

Гость АСЕМ - Сегодня, 01:16
Дүниетану (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 сынып Дүниетану ТЖБ керек еді

Гость Ермек - Сегодня, 01:15
Ғылым таппай мақтанба - Абай Құнанбаев өлеңі

Маған ұнады орысша нұсқасы

Ернур - Сегодня, 01:13
Абай Құнанбаев (Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат)

Тайм тайм тайм

Гость Айша - Сегодня, 00:42
Көшбасшы болу үшін

Мне нужно Қазақстан тарихы 1-токсан

Апогей и - Сегодня, 00:34
Математика (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб матем