Өлең: Әлі есімде (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әлі есімде (Қазақ ауыз әдебиеті)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Махаббат деген ауру ма деймін

Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны,
Сырласумен жазғы таңның атқаны.
Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры,
Аққайыңның желмен сыбдыр қаққаны.

Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез,
Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!

Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны,
Арман бізді алға апарып тастады.
Қара шашың мойныма оралып,
Жерге тамған мөлдір көздің жастары.

Әлі есімде,әлі есімде сол бір кез,
Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!

Содан бері өтті, сәулем,талай күн,
Әлсін-әлсін суретіңе қараймын.
Тағдыр бізді алыстатты, қоспады,
Сыры ғой бұл екеуміздей талайдын.

Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез,
Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Салқын тиіп, ыстығы көтерілгенде оқылатын дұға



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle