Өлең: Ой көк (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ой көк (Қазақ ауыз әдебиеті)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық

Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,
Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.
Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.

Ой, көк, апырым-ай,
Жастық дәурен өте ме-ай?!

Сол қызды бір көргеннен болғам ғашық,
Сөйлесіп көрісуге көңіл ашып.
Сүймейді сұлу қызды қандай адам,
Тұрғанда туған айдай нұрын шашып!

Ой, көк, апырым-ай,
Жастық дәурен өте ме-ай?!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Зәм-зәм суын ішкенде оқылатын дұға



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle