Өлең: Дей салдым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Дей салдым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де арманда, қалқатай-ей, мен де арманда,
Екі арманда жылайды айрылғанда, дей салдым-ей.
Кішкентайдан бірге өскен-ей құрбым едің,
Нең кетеді артыңа қайрылғанда, дей салдым-ай.

Ей, екеуім-ай,
Екеуім-ай,
Үкілі кер жүрмейді
Жетегіме, дей салдым-ай.

Қош болғайсың, қалқатай-ей, қош болғайсың,
Бозжорға аттың тізгінін бос салғайсың, дей салдым-ай,
Ұмытпай жүр, қалқатай-ей, ұмытпай жүр,
Екінші рет кез болсаң еске алғайсың, дей салдым-ай.

Ей, екеуім-ай,
Екеуім-ай,
Үкілі кер жүрмейді
Жетегіме, дей салдым-ай.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

0 0


Комментарии для сайта Cackle