Өлең: Бөпешім менің ұға ма?(Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең:  Бөпешім менің ұға ма?(Қазақ ауыз әдебиеті)



Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!

Жұмыстарың таусылмай,
Терлеп-тепшіп жүрерсің.
Қызығымен ойынның
Сақылдап сен де күлерсің,
Ес тоқтатып бір кезде,
Алды-артыңды білерсің.
Әлди, балам, әлди-ай,
Апаң айтқан ән-күй-ай.

Бесік жырын апаңның
Кішкенеңнен жаттай бер.
Қаз-қаз тұрып өмірге,
Басып табан аттай бер.
Әкең сенің қуансын,
Өзіңе арнап бөпешім,
Тау суындай сарқырап,
Толқып аққан жыр алсын.

Жеңілтек болма, бөпешім,
Салмақты бол ерлердей.
Жүгіре берме далаңдап,
Құр бекерге ербеңдей.
Жылама, балам, жылама,
Атасы айтқан бұл сөзді
Бөпешім менің ұға ма?
Әлди, балам, әлди-ай!

Жетіге қашан келесің?
Суын әкеп шешеңнің
Ер жеткен соң берерсің.
Құрығын ұстап әкеңнің,
Соңынан сен де ерерсің.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle