Өлең: Әупілдек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әупілдек (Қазақ ауыз әдебиеті)



Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше.
Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе,
Барар ем қалқа жанға әлденеше!

Жел соқты Әупілдектің қамыстарын,
Айтады әркім көрген қасірет зарын.
Түседі қайғылыға қара тұман,
Кім білер сол тұманның ашыларын.

Еріксіз Әупілдекті мекен еттім,
Жасым жас, жиырмаға жаңа жеттім!
Айырған екі ғашықты еңіретіп,
Ісіне бар ма шара құдіреттің!..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle