Өлең: Ақсұңқар /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақсұңқар /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тамақтан кейін оқылатын дұға

Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қандай едің,
Құрбының өзін теңдес маңдайы едің.
Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта,
Қол жеткен мұрадыма жандай едім.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсін беріп.
Мен саған басы байлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Көзіңе жас келеді



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle