Өлең: Абайкөк (бірінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Абайкөк (бірінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қан қысымын реттеу үшін не істеу керек

Күміс те алтын, мыс та алтын, алтын да алтын,
Сыр болмайды, жақсыда айтылмайтын.

Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.

Бәрі бірдей сыртынан алтынмын дер,
Отсыз, ойсыз жел сөзбен сарқылмайтын.

Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.

Досым жайлы, ей, қалқа, досым жайлы,
Ынтымағы жаманның қосылмайды.

Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.

Алды-артын ойлайтын ер-азамат,
Дүниеге мастанып отырмайды.

Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Асқазаныңыз ауырса



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle