Шығарма: Өлмейді ісі мәңгілік

Шығарма: Өлмейді ісі мәңгілік


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жақсы ер мына нәрселерді жасамайды

Каримов Мамыржан
6 сынып,Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға
арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты, Павлодар қ.
Жетекшісі: Кенжебаева Д.Қ.

Ұқсаттым өршіл тұлғаңды
Ақша қар жапқан шыңдарға.
Жүректен туған жырларды
Асқар тау-ата тыңдар ма.
Ә. Ысқақ
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында елімізде соғыс ардагерлерінің ерлігін паш етіп, Отан үшін, келешек ұрпағы үшін, жан аямай майдан кешкен майдангерлер үшін Елбасының қолдауымен жасалып жатқан игі істер баршылық. Солардың арқасында бейбіт өмір сүріп отырған ұрпаққа майдангерлерге осындай құрмет көрсету парыз деп ойлаймын. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз.
Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Жан алысып, жан берісер майдан шебінде қасық қаны қалғанша жау оғына қасқая қараған аталарымыз да ұрпақ жүрегінен ұмытылмақ емес. Осы орайда осы сұрапыл соғысқа араласып қан кешкен марқұм нағашы атам – Кенжебайұлы Қамариден туралы сыр шерткім келеді. Нағашы әжем Кенжебаева Майра Садуақасқызының айтуы бойынша, 1924 жылы Ақтоғай ауданында өмірге келген, тереңнен тамыр тартқан елдің ұрпағы Камариден Кенжебайұлы қасиетті де киелі Әуелбек топырағынан нәр алып, өсіпержетіп, шебер ұйымдастырушылығымен биік белестерден көрініп, өзіне жүктелген, сеніп тапсырылған істерді қалт жібермей орындап отырған атамның өткен өмір жолы өз алдына тарих десе де болады деп әңгімелейді.
Атам 1942 жылы 9 қыркүйегінде 18 жасынан әскер қатарына шақырылып, жалындап тұрған жас жігіт Отан қорғауға аттанады. Алайда, ешбір сында сүрінбей, дұшпан алдында именбей ерекше ерлік көрсетеді. Соғыстың соңғы кезеңін 1943-44 жылдары 106-шы шекара әскерлері атқыштар полкында жалғастырады. 1944 жылдың қараша айынан бастап 1949 жылдың наурыз айына дейін осы полкта Отан алдындағы міндетті әскери борышын өтеу үшін қызмет етеді. Неміс-фашистік басқыншыларымен қиян-кескі соғыста танытқан ерлігі үшін «1-ші деңгейлі Отандық соғыс» ордендерімен,«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 20 жылдығы» мерейтойлық естелік медальдарын және әр жылдары табысталған Жеңіс төсбелгілерін кеудеге қадады. Майданнан аман-сау оралған атам 1949 жылдан 1953 жылға дейін әскери коммисариаттың жолдауымен Ертіс ауданында НКВД-да жедел уәкіл қызметін атқарады. Бұдан кейінгі бейбіт өмірде еңбек жолын әртүрлі салада басшылық қызмет атқарумен жалғастырады. Өмірінің соңғы жылына дейін халық алдында, Отан алдында адал қызмет етті.
«Ерлік– ердің қасиеті, жүректілік- жігіттің қасиеті» деп Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, аман оралған атам, ел шаруасын жөндеуге атсалысқан. Атамның елге келіп, халық үшін орасан еңбек жасағаны біздер үшін өшпес өнеге. Әжеміз Майра Садуақасқызымен он бір бала тәрбиелеп өсіріп, немере, жиен сүйді. Зейнеткерлікке шыққан кезінде туған жері Әуелбек ауылында мешіт ашуды қолға алып, осы істің басы-қасында жүрген. Осы жөнінде көпшілік атынан өтініш жазып, аудан, облыс, дін орталығы орналасқан Алматыға дейін барып 1990 жылдың 9 қаңтарында сол кездегі қазақстан мұсылмандар қауымының дін басы Нысанбаев Рәтбек қажының қолы қойылған рұқсат қағаз алды. Қазіргі таңда ауыл мешіті жаңа қонысқа көшіріліп, имандылық жолына түскен халыққа қызмет атқарып отыр. Қазіргі уақытта мешіт үйі жаңа қонысқа көшіріліп, имандылық жолына түскен қауымға өз қызметін атқарып отыр.
Адам өмірі өзіне бұйырған арнамен жылжып, мәуелі бәйтеректей тамырын тереңге жайып, жайнай түсіп, бақытты ғұмыр кешеді. Атам өмірге келген өз ұрпағымен қуанышқа, шаттыққа бөленді. Жиен-немерелерін сүйген өнегелі ата болды. Адалдығы мен еңбекқорлығы, ізгілігі мен ізденімпаздығы жарасқан біртуар азамат еді. Арманға кімдер жеткен, біз - артында қалған балалары, немерешөберелері- атамызды жиі-жиі еске алып, оның осындай өмір өткелдерін ардақ тұтып, мақтан етеміз. Атамыз балаларына, немерелеріне адал жүрегінің иманын мирас етіп қалдырып кетті. Атамның ұрпақ үшін, жарқын болашақ үшін жан берер қаһарман болғанын мақтан тұтып жасаған ерліктерін үлгі етеміз. Және оны сағына еске ала отырып мына бір Жұбан Молдағалиев атамыздың өлең шумақтарын арнағым келеді.
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кешпейді асыл ер.
Бізге бейбіт өмір сыйлаған барша соғыс майдангерлерін өзімнің бауырларымның, туыстарымның және достарымның атынан осы қастерлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын. Ардагерлеріміздің есімі алтын тұғырдан түспесін деп тілеймін.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Түрегеп тұрып су ішудің зияндары



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle