Шығарма: Атамның әңгімесі

Шығарма: Атамның әңгімесі


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Буындарыңыз ауырып жүр ме?

Абильманова Айжан
9 сынып Павлодар облысы
Железин №3 жалпы орта білім беру мектебі
Жетекші: Даулетова Күмісай Теңдіковна

Осыдан 75 жыл бұрын таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Әр адам соғыс деген не екенін өз әжесінен,атасынан,ата-анасынан,туғантуысқанынан,жақындарынан біледі.Соғыс...Қанша зорлық,қайғы,мұң,ащы сезімді және жалғыздықты бұл кішкентай ,бірақ өте елеулі сөз білдіреді.Ұлы Отан Соғысы кезіндегі адамдар көз алдында мыңдаған адамдар жойылып,көптеген отбасылар үрім бұтағымен қырылғанды өз көзімен көріп,басынан кешкен болатын. Әр шаңырақ өз ағайындарын,әкелерін,балаларын жоғалтқан. Ұлы Отан Соғысы 1941 жылдан бастап 1945 жылға дейін созылды. Ресми статистика бойынша 26,6 миллион адам көз жұмған,олардың ішінде 8,7 миллионы майданда болған әскери қызметшілер. Бұл соғыста өте көп адам батыр болып өмірін қиды,соғыста айырылған адамдардың саны тіпті қазіргі уақытта болса тым үлкен және бұл жайында адамдарға әңгімелесу қиынға түседі. Неге десеңіз,себебі осы қырқысты бастаған адамзаттың өзі . Сол қатал соғыста менің арғы атам болған еді.Есімі-Тұқманов Жанғазы. Ол 1896 жылы Алакөл(Екішоқ) ауылында дүниеге келді.Атам,сол уақытқа сәйкес сауаттылыққа үйде үйренген. Қазақ, араб және орыс тілінде еркін сөйледі. Молланың баласы болған,әкесі өте діншіл,қажылыққа барып келген адам еді.1930 жылдары ашаршылық пен репрессия кезінде Ресей еліне Новосибирск облысына көшіп кетті. Сол жерде ол әскери зауытта жұмыс атқарып, әскери оқ істеген. 1941 жылы соғыста әскерге шақырылды.Жерімізді фашисттік басқыншылардан құтқарып, Польшаға дейін жетті. Соғыс ол үшін Варшавада біткен болатын,жамбасына оқ тиіп, қатты жарақат алып,Грозныйдағы госпитальге жіберілді,сонда емделіп 1943 жылы үйіне қайтып келді. 1960жылға дейін Барабинск жерінде тұрған,өте еңбекқор кісі болған,картоп салып өсірген. Атам өте сыпайы,өте шыдамды,төзімді,шыншыл жан еді. Босқа дауласуды жек көрген,ешқашан өтірік айтып көрмеген. Ал 1960 жалдары өзінің қасиетті Отанына Қазақстанға оралды. Соғыс біткенмен,ол сол ынтамен жұмыс істей берді. Солай өзінің кәрілігін туған жерінде, Отанында кешті. Қартайған шағында бес мезгіл парыз намазын оқыды. Әрине,соғыс барысында бар болған нәрсені біле алмаймыз,тек көз алдымызға елестете аламыз. Шайқас алаңына келгенде ұйқымен бос керексіз әрекеттерге уақыт мүлдем болған жоқ,өйткені кез келген түпкірде сені жау тосып тұр,көз ілмей,қорғану керек.Сол екі жыл ішінде әлемде бар нәрсенің түгелін сезген,сол сезімдер: қорқыныш та,ауру да,мұң да,туған жерге деген сағыныш та,ал ең бастысы –бұл өз жақындарын ешқашан көре алмайтын үлкен қауіп,ешқашан оларды құшақтап,бетінен сүйетін кез болмайтынын түсіну. Бұл туралы соғыста жер үшін, Отан үшін,бостандық үшін шайқасқан әр адам ойлайтын.Әсіресе Варшавада жарақат алған күн жадында ерекше сақталған болатын шығар. Қанға боялған жаудың жерінде жатып,бірде көз алдында барлығын тұман басып кетіп,есіне аяулы анасының құшағындағы күндер,оның жылы көздері,мейірімге толы көздері, әкесінің мықты қолын,анық қара көздерін және өмірге ынталы сөздерін ойға түсірді.
Келесіде дөңгелек үстел басындағы шай ішіп,дастарқан басында оның туыстары,әпкесі,ағалары,ата-анасы жиналып оның он үшінші туған күнін тойлап жатқандарын есіне түсірді. Одан кейін көз алдында достары,олар күліп,ойнап, еркелеп, төбелескендерін еске алды. Міне,енді ол есейіп,өз жарын кездестіріп,үйлендіжәне ең басты мезгілқашан ол баласының ең алғаш дауысын естіп,оның кіп-кішкентай қолдарын,көздерін көріп,оның сәбилік иісін сезген кез.Ойына бар кешкен нәрсені,балаларын әйелімен бірге тәрбиелеп,бағып-қағып,ойнағанын олардың есейген кездеріне дейін және ең соңғы мезет,майданға аттанып,жақындарының жасқа толы көздері, қоштасқаны.Ойланса,қаншалықты көп нәрсе болған екен,мұның барлығы бір минут ішінде қысқа кинопленка болып лезде зу етті.Мінекей,енді суытып бара жатыр, бетте көздің жасы,тек бір ғана ой : «Бәлкім бұл өмірімнің соңы шығар,бәлкім жоқ шығар,мен әлі өмір сүремін,отбасымды көремін». Бір айғай естілді,біреу оның атын дауыстады, жолдастарының біреуі көріп қалған шығар, ол жүгіріп келіп жараланған жауынгерді әрі қарай жылжытты,болды осымен көздері жабылды ,түк нәрсе еске сақталған жоқ.
Оянғаннан соң бөлменің төбесін көреді,жүздеген жарақаттанған адамдар жатыр жанында, айналада дұрыс ұйықтай алмаған ақ киімді дәрігерлер, кішкене отырып тынығуға да уақыт жоқ,егер ұйықтап қалса бір адам жәрдемді уақытымен алмағанынан қолынын, аяғынан,тіпті өмірінен айырылуы мүмкін. Тұрайын деген,бірақ тұруға мұршасы келмеді,тым әлсіз хәл,күш те мүлдем жоқ. Бірнеше сағат өте келе бір жас әйел дәрігер жақындап, жағдайын біліп ,жарақатын қарауға келді. Шүкір,барлығы жақсы деуге болады,біраз уақыт өткен соң жарақат тартылады. Дәл осылай шулы күндер госпитальде өтті,денсаулығы түзеліп,өзін жақсы сезіне бастады.Екі жұмадай өтті ,енді жібереді шығар, соған қоса бос орындар керек,ауру адамдар өте көп,ал орын болса жетіспейді. Тағы бір жұма өтті,жүру қиынға соғады,бірақ кішкене-кішкенеден жүре алады. Бір ай өтті, үйге қайтуға рұқсат берді. Үйге барар жолда сезім толықсып кетті : «шынымен үйге барамын,менің туған үйім,сүйікті туыстарымды көре аламын». Үйге оралды,біраз уақыт демалып,қайта жұмысқа оралды. Соғысты ойға алу жеңіл емес,сол кез туралы,сол қанды шайқастағы кез туралы.
Уақыт өте келе ол нағыз туған, сүйікті мекеніне-Қазақстанға оралады.Отан-анада жаны тыныштығын тауып,құлақтағы сол майдандағы шу келмейді, бір сөзбен Отан деген ол Отан,туған жердің топырағы барлығын емдей алады,тіпті ең қорқыныштысын да. Менің атам өзінің отанына оралғанына өте риза болды, отбасымен бірге тұрып,немересінің,яғни менің анамның бала күлкісін ести алатына қатты қуанған болатын.Осыдан басқа еш нәрсе бақытты болу үшін керек емес шығар. Ұлы Отан Соғыс кездерін еске алып,ондағы болған адамның барлығын да мұң басады деп ойлаймын,себебі ол өте қорқынышты ,аяусыз жер. Шайқаста тек дененің күштілігі ғана емес,оған қоса сананың да күшті болуы тиіс. Мұндай соғыс ең алдымен жанға жарақат сақтайды,олар ешқашан жазылмайды.
Сондықтан мен нақты атаммен мақтан тұтамын деп айта аламын,менің атам Ұлы Отан Соғысында болды,ол өз елін жаулардан,фашист басқыншыларынан қорғады.Бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек. Біз жас ұрпақ соғыс ардагерлерінің алдында бас июміз керек,осындай қорғаушылар болмаса,біз де болмас едік! Еліміздің жеңісі,бостандығы үшін соғысқандардың ішінде менің де атам бар, сол үшін мен өлшеусіз асқақпын!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
СОЗЫЛҒАН ЖЫРТЫЛҒАН ТЕРІНІ ЕМДЕУ ТӘСІЛІ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle