Толарсақтан саз кешкен жылдар

 Толарсақтан саз кешкен жылдар

Абдыхалық Алтынай
7 сынып, Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп
Шарбақты ауданы
Жетекшісі: Диқанбаев Н.Ж.

Не адамзат соғысты құртады, не соғыс адамзатты құртады.
Джон Кеннеди
Соғыс. Сонау бір қанды құйлы заман. Толарсақтан саз кешкен, етігімен қан кешкен кезеңде кеңестік дәуірде өмір сүрген еліміздің әрбір азаматы бастарын өлімге тікті. Әлемнің тең жарты бөлігін алып жатқан қызыл империяны қорғады. Өзге ұлттар секілді қолындағысын майданға жөнелтті, «жаным арымның садағасы» ұғымын берік ұстанды. Республикада танк және ұшақ жасауға ақша жинау қозғалысы жүрді. 1941 жылдың күзінде Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (ВЛКСМ) атындағы танк дивизиясын құруға қаржы жинала бастады да, бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды.
Кейінірек халық қаражатына тағы 10 танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедо катерлер мен атаулы ұшақтар жасалды. Соның нақты дәлелі - қазақ халқының біртуар ұлы, ұлт атын әлемге көтерген Қажымұқан Мұңайтпасовтың қартайған шағында ел арасында өнер көрсетіп, тапқан қаражатына ұшақ жасап майданға жіберуі. Жалпы соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға 480,3 миллион рубль жинап берді. Соғыс жылдарында Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3 194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді. Республиканың барлық экономикасы әскери бағытқа бұрылды, бейбіт мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды, демалыстар тоқтатылды.
Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Батыстағы бұрынғы зауыт-фабрикалар мүмкіндігінше елімізге көшірілді. КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қазақстанға Повольжеден жүздеген мың немістер мен поляктар жер аударылды. 1942-1944 жылдары 507 мың балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы, 110 мың түрік-месхетиндер, 180 мың қырым татарлары күшпен жерімізге қоныстандырылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Әскери госпитальдердің көбісі Алматыда құрылды. Сөйтіп, қазақ жері интернационалдық мемлекетке айналды. Жетімі мен жесірін жылатпаған, жолда қалдырмаған қазақ халқы өзге ұлттардың да жетім-жесірлеріне қорғаныс, жаралылардың баспанасы іспеттес болып кетті. Келген босқындардың барлығына төрінен орын берді, бір тілім нанын бөліп жеді. Келген босқындардың тіліне, дініне, салт-дәстүріне қараған жоқ, барлығын туған бауырындай бауырына басты. Жетім қалған балаларға өз үрім-бұтағындай қарады. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды.
Төрт жылдық қанды қырғын, Ұлы Отан соғысы, Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күндері өткен жиындарда, олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақтал-ды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И.В.Панфилов болып тағайындалды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ.Жұматов, Ш.Шолтаров, В.Лобанов, К.Әбдірахманов, К.Иманқұлов, Е.Качанов, В.Фурсов т.б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе, 1941 жылғы қараша, желтоқасан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған Республикада жасақталған 316атқыштар дивизиясына астанаға апаратын өзекті жолдарының бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді.
Соғыс аяқталғанымен оның зардаптары қалды. Кеңес азаматтары соғыстан кейін де солармен күресті, мешеулеп қалған еліміздің экономикасын көтеруге бар күшін салды. Соғыс ардагерлері мен тыл қызметкерлерінің саны бұл күнде азайып кетті. Өмір бір орында тұрмайды, жаңаның көнеретін, жастың қартаятын кезеңі де келері хақ. Бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкімнің де ұмытпауы және ешнәрсенің де ұмытылмауы керек екендігін әрдайым есте сақтаудың бір тәсілі деп ойлаймын.
Осындай Отаны үшін отқа ұмтылған қазақ азаматтарының бірі – Павлодар облысының Арбиген ауылының тумасы - Шарбақты ауданының мақтанышына айналған батыр атамыз - Қазанбаев Қарсақбай Қазанбайұлы. Ұлы Отан соғысы басталғанда бар болғаны 17 жасар бозбала болған. 1942 жылы қыркүйек айында әскер қатарына алынады. 1944 жылдың қараша айына дейін Сталинград аймағында атқыштар батальонының 332 атқыштар бөлімінде атушы болып соғысқан, қанды қоршаудың да ащы дәмін татады. Кейіннен Ленинград қаласын азат етуге қатысады. 19451947 жылдар арасында соғыс батальонында әскери борышын өтейді. Халқымызда «қырық жыл қырғын болса да, ажалы жетпеген өлмейді» сөзінің растығының нақты дәлелі ретінде бес жылдан соң, қаншама рет қызу майданға түссе де, бір рет те ауыр жарақат алмай, 1947 жылдың ақпанының соңында елге оралады. Отбасын құрып, жеті бала тәрбиелеп өсіреді. Бір жаманның бір жақсысы болар дегендей, соғыстың тірлік иелеріне қаншама зияны болғанымен, ел бірлігінің нығаюына, тұтасуына, отансүйгіштік ұғымының артуына септігі көп болды. Біз соғыстың куәсі болған жоқпыз, тек кинолардан көрдік, кітаптардан оқыдық. Дегенмен, кеудесінде санасы бар әрбір азамат оның қандай қайғыға әкелетінін сезуі керек деп ойлаймын. Егер солардың ерлігі болмағанда, біз бұл күнде өмірде болар ма едік, болсақ та қандай жағдайда?.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі