Еліміз ерлерімен мақтанады

 Еліміз ерлерімен мақтанады

Маханбетжанова Балкүміс
6 сынып, Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицей
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
Жетекшісі: Қосмамбетова А.С.

Ерлік ұмытылмайды Ежелден ер тілегі – ел тілегі, Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Б.Момышұлы
Соғыс... Соғыс дегеніміз қантөгіс, қайғы-қасірет. 1941 жылдың 22 маусымында басталған соғыс 1418 күнге созылған. Кеңестер Одағына тұтқиылдан ескертусіз соғыс ашқан неміс фашистері адамзат баласына зор қайғы-қасірет әкелді. Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең үлкен қасіретті майдан, Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болды. Жеңіс... Біз үшін Жеңіс күнінен қымбат мереке жоқ. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтық Ұлы ерлігін ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі күн. 9 - Мамыр – Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыс ойранын салмаған, отына шарпылмаған отбасы жоқ шығар, сірә. Ана сүйікті ұлынан, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен айрылды. Соғыста қираған қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді. Бірақ соғыс жарасы әлі жазылған жоқ. Әлі де хабарсыз кеткен ұлын, бала әкесін іздеген хабарды теледидардан жиі көреміз. Біз соғысты көрген жоқпыз. Ұлы Отан соғысы туралы кітаптардан оқып, фильмдерден көрдік Соғыс тақырыбында әлі де кітаптар, фильмдер шығарылып, өлеңдер мен әндер де жалғасын табуда. Осынау қиыншылықпен келген жеңіс қалайша ұмыт болмақ?! «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды». Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне қашалып жазылған. Кешегі ел басына күн туған қатерлі шақта аға ұрпақ өкілдері бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғады. Соғыс көптеген ерлердің есімін елге танытты. Талғат Бигелдинов пен Сергей Луганский, Мәлік пен Бауыржан, Әлия мен Мәншүк ерліктері туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.
Ерліктің арқасында бақ қарады,
Болашақ бейбіт күнмен шаттанады.
Ерліктің дәнін сепкен даламызға,
Еліміз ерлерімен мақтанады! – демекші Жеңісті жақындатуға Сыр елінің қосқан үлесі зор. Бұл соғыста Сырдария ауданынан аттанған 3050 сарбаз ерлікпен қаза тапқан. 4349 майдангер хабарсыз кеткен. 1000-ға тарта сырдариялық жауынгерлердің біразы аяғын, қолын майдан даласында қалдырып, мүгедек болып, бірсыпырасы елімен, жерімен аман-есен қауышты. «Ерді – елі үшін, жігітті жұрты үшін мақта» дегендей қан майданда жанқиярлықпен жауға қарсы тұрып, көптеген қалаларды азат етуге қатысқан аттары аңызға айналған Сырдария топырағынан шыққан, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған хас батырлар Жаппасбай Нұрсейітов, Нағи Ілиясов, Жақыпбек Махамбетов аталарымызды мақтаныш етеміз. Ерліктері ұрпаққа – ұран, елге мұра болған ержүрек жерлестерімізді еске алып, бас иіп, құрмет тұтамыз. «Барлығы да майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұранмен жатпай-тұрмай еңбек еткен тылдағы еңбеккерлердің тынымсыз тірліктері майдангерлердің ұрыс даласындағы ерен ерліктеріне жігер бере түсті. Елде қалған қыз-келіншектер, кәрі ата-әжелер майданға жылы киім тоқып, егін еккен. Заводтарда танктер, ұшақтар, оқ-дәрі жасап шығарған. Майдан даласындағы жауынгерлерге тамақ, киім жіберіп отырған. Тыл ардагерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлестері ұшан-теңіз. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қазақ баласының қайсарлығын, қаһармандығын танытқан жауынгерлерге құрмет жыл санап арта түспек. Себебі, олар жастық шақтары бүгінгі бейбіт күннің шұғылалы таңының атуына арнап, өз өмірлерін Отан үшін қия білді. Біздің аталарымыз тәуелсіздікті сақтап қалды. Соның арқасында біз егеменді ел болдық. Майдангер аталарымыздың ерен ерліктері арқасында бейбіт күн, ашық аспанда бақытты өмір сүрудеміз. Қатары жыл санап азайып бара жатқан арманы асқақ, пейілі кең Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әрқашан құрметтеу бүгінгі ұрпақтың мәңгі парызы. Майдангер аталарымыздың саны қазір саусақпен санарлықтай. Бүгінгі таңда біздің ауданымызда Ұлы Отан соғысының 4 ардагері. Яхия Тасыров, Махамбет Бержанов, Оразбай Қожалақов пен Дәуітбай Сақтағанов ортамызда жүр. Мектепте майдангер аталармен кездесу өткізіп, олар отты жылдардағы шоқты көріністерді әңгімелеп берді. Аталарымыздың өшпес ерлігі, майдан даласындағы даңқы ұрпағымен бірге жасайды. Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады.
Тарихты ұмытуға болмайды. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, елдігіміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де осынау Ұлы Жеңістің жемісі. Аталар ерлігі бізді патриоттық, отаншылдық, ұлтжандылық, әділдік пен қайырымдылық рухына тәрбиелейді. Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтар Жеңіс күнін аға ұрпақтың Отанымызға деген шексіз сүйіспеншілігінің үлгісіндей әрқашан есте сақтаймыз. Ертеңгі елдің тізгінін ұстар мәңгілік елдің ұрпақтары аталар аманатын орындап, жақсы оқып, білімді азамат болып, егемен елімізді өркендетуге, өркениетті елдер қатарына қосылуына үлес қосамыз. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен әжелеріміз: «Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Біз көрген соғысты, қиындықты сендер көрмеңдер. Бейбіт өмірде бақытты тіршілік жасай беріңдер. Енді соғыс болмасын», - деп тілеп отырады. Мен де «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елтаңбамыз еңселі болып, Әнұранымыз аспанда қалықтап көк байрағымыз көгімізде желбіресін! Егемен еліміздің аспаны ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!» деп тілеймін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі