Соғыс және балалар

 Соғыс және балалар

Қуандықова Аружан
7 сынып, № 273 орта мектеп
Байқоңыр қаласы
Жетекшісі: Бакиева З.

Бала және балалық шақ. Балалық шақ та әртүрлі болады: кейбіреудің балалық шағы бұлтсыз бейбіт аспан астында алаңсыз өтсе, бір ұрпақтың балалық шағы қатал да қиын тағдырлы. Ұлы Отан Соғысы. Қанша тағдырдың тамырына балта шапқан, балалықтың бал күнін «соғыс» деген суық сөздің ызғарымен қарыған 19411945-ші жылдар. Мен осы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өзіміз қатарлы балалар жайында оқып білгенді ұнатамын. Сондықтан да он бес одақтас республика бір үлкен Отан болып есептелген Советтік Отанды неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге атсалысқан жас батырлар туралы жазып отырмын.
Соғысқа дейін олар жәй ғана қарапайым балалар болатын. Мектепте оқып, үлкендерге қолғабыс беріп, доп қуып жүрген ойын балалары еді. Оларды тек туыстары мен бірге оқыған достары ғана танитын. Кенет соғыстың сын сағаты жетіп, кешегі балалар өздерінің Отанды қандай үлкен жүрекпен сүйетінін дәлелдеді. Иә, соғыстың ауыртпалығы сол кездері балаларға да түсті. Бірақ ол ауыртпалықты жас балалар көтере білді, шыбықтай жас қабырғалар одан қайыспады да. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ Брест қамалын қорғауда музыка взводының тәрбиеленушісі он төрт жасар Петя Клыпа ержүректілігімен ерекшеленіп, І дәрежелі Ұлы Отан Соғысы орденімен марапатталды. Көптеген пионерлер партизан отрядтарында барлаушылық қызметін атқарды, кейбіреулері астыртын жұмыстарға қатысып, диверсант та бола білді. Пионер Зина Портнова Витебск облысында «Кек алушылар» отрядында жауға қарсы күресті, осы астыртын ұйымда жүріп ол комсомол қатарына қабылданды. Сатқынның ұстап беруімен қолға түскен Зина жауап алу кезінде үстелден пистолетті алып үлгереді, сөйтіп, тергеуші мен екі қарауылын атып қашуға әрекеттенеді. Ауыр азаптан кейін оны неміс-фашист басқыншылары 1944 жылы атып тастайды. Партизан Леня Голиков неміс машинасына граната лақтырып, күлін көкке ұшырады. Машинадан қашып шыққан екі немістің де көзін жояды, ол немістің бірі Рихард Витц деген генерал болып шығады.
Батыр пионер Валя Котик байланысшы болды. Ол немістердің санын біліп, қанша қару жарағы бар екенін партизандарға дәлме-дәл жеткізіп тұрды. Бір күні ол неміс офицерінің көзін жойды. Жау апанында жанын шүберекке түйіп жүріп, «тыңшы» болған Вася Коробконың да ерлігі ерекше. Жаудың пешін жағып, отынын жарып жүріп, ол партизандарға қажетті мәліметтерді жинады. Партизандарды құртуды ойлаған неміс әскерлерін Вася орманда адастырып, полицайлар құрған торға алдап түсіреді. Полицайларды партизандар днп ойлаған немістер оларды баскөз жоқ жайратып салады, өздері де біраз шығынға ұшырайды. Жас батырын Отан Ленин орденімен және Қызыл жұлдыз орденімен марапаттайды.
Осындай үлестерімен кішкентай батырлар Ұлы Жеңісті жақындатты. Әрине бұл соғыста ерлік көрсеткен жасөспірімдердің тек санаулысы ғана. Мұнымен жас батырлар саны да, олардың ерлігі де шектеліп қалмайды, бұл аз ғана мәлімет. Ұрыс болған жерлерде балалар минаға түсіп қалу қаупіне қарамастан, қар астында қалған қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді жинастырып партизандарға беріп тұрды. Көптеген қайсар пионерлер бөлімшесінен алыстап қалған солдаттарға дәрі-дәрмек, байлайтын дәкелерін жеткізіп беріп тұрды. Кішкентай ержүрек батырлар қызыләскерлерге тұтқыннан қашуға да көмектесті. Немістер оккупациялаған аудандарда пионерлер жылы киімдер жинап, партизандарға жеткізуде де асқан ептілік көрсете білді. Қорғаныс шебінде жасаған балалардың еңбектегі ерліктері де орасан болды. Қолдан жарылғыш заттар дайындауда да, қару-жарақ жасау да да балалар еңбегі қажет болды..
Балалардың қолымен мектепте үйірмелерде қас қарайғанша солдаттарға киімдер тігіліп, жылы қолғаптар мен шұлықтар тоқылды. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ жауға тойтарыс беруді үшін күресте оққа ұшқан көптеген балалар мен жасөспірімдердің аты белгісіз боп қалды. Бірақ біз олардың басынан өткен жайларды сезінеміз де, ұмытуға қақымыз жоқ екенін түсінеміз. Жас патриоттардың қысқа да болса өнегелі өмірі де ерлікке толы өмірі бізге үлгі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?