Жеңіс туын желбіреткендер

 Жеңіс туын желбіреткендер

Іскендір Ақбота
6 сынып, №152 қазақ орта мектебі Шиелі ауданы
Жетекшісі: Әлихан Г.Ә.

Сын сағатта ерлігіміз де, елдігіміз де бойымыздан табылды.
Н.Ә.Назарбаев
Мен өмірге келдім, алғаш рет анамды көрдім. Ия, ол маған өмір сыйлады, бағып-қақты, аялы алақанымен өсірді. Енді мен бақыттты баламын. Көзімді ашып жан-жағыма қарасам, бәрі-бәрі керемет! Мектепке келесің, білім аласың, емін-еркін ойнап-күлесің. Осындай тамаша өмір оңайлықпен келмегенін сәби жүрегім сезеді. Оған себеп – «соғыс» деген қарғыс атқыр сөзді айтып, атам еріксіз көзіне жас алатын. Соғыс. Осы бес әріптен тұратын қатыгез де сұмдық сөз құлаққа түрпідей тиетіні рас. 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс фашистері бейбіт жатқан біздің Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасады. Шырт ұйқыда жатқан қарапайым халық ұйқысынан шошып оянды. Соғыс 1418 күнге созылды. Отан үшін қан майданға әкелер мен ағалар, аталарымыз аттанды.
Алақандай ауылымыздан да қаншама боздақтар жауға қарсы соғысты. Солардың бірі – менің атам Тәжімбетов Іскендір. Жастық шағының қиын кезеңдерін, әсіресе соғыс майданындағы ауыр арпалыстарды, күні-түні ұйқы көрмей, дамылдамай, жауға қарсы шайқасқанын, жолдастарына оқ тиіп, майдан даласында көз жұмғандарын атам үнемі әңгімелеп отырушы еді. Ол майданда «Катюша» машинасын жүргізген. Жаулармен бетпе-бет кездескенін, ұрыс даласында қаншама жора-жолдастарының қалғанын есіне жиі алатын. Ескі суреттерге қарап, көзі жасаурайтын, жиі ойға шоматын ауылымызда қазір бір ғана ардагер қария бар.Туған елдің келешегін сақтауға күш-жігерін аямаған, соғыс жылдарының куәгері, тоқсанды еңсеріп қалған қарт майдангер атамыз Шәмші Мырзабаев жайнаған өмір мен бақытты ұрпақты көріп отыр. Ол бір аяғын майдан даласына тастап, жалғыз аяқпен туған жеріне оралған. Ол кісі біз үшін батыр, себебі жауды бетпе-бет көрді, шайқасты, сонда да жеңілмеді, өлімге қарсы тұрды. Осы орайда Ә.Сәрсенбаевтың мына өлеңі ойға оралады:
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын...
Денесін оқ пәршелесе де,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен кұрметте оны
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық жолындағы аяғын!
Ел басына күн туып, ер азамат етегімен су кешкен кезеңде қазақстандықтардың Отанын қорғауға айрықша үлес қосқаны белгілі. Ел қорғауға қазақстандықтар белсене қатысып, майданда кеудесін оқ пен отқа тосты. «Бәрі майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген өшпес ерлік өнегесін қалдырған сарбаздардың серті ұрпаққа мәңгі өнеге! Тарихи мәліметтерге қарап отырсақ, кең байтақ елімізді сұм жаудан қорғауға Қазақстаннан бір миллион үш жүз отыз алты мың адам майданға аттанып, оның төрт жүз он мыңнан астамы қаза тапты. Сыр жерінен жетпіс мыңнан астам адам қан майданға аттанды. Жерлестеріміз ерлік пен елдіктің үлгісін танытты, Отан алдындағы парыздарын адал атқарды. 70 жыл бұрын Жеңіс туын желбіреткен батырлар – бүгінде ел тілеуін тілеп отырған ардагерлеріміз - жастарға үлгі-өнеге, ел татулығымыздың ұйытқысы, халықтың құты болып отыр. Халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының майдан және тылдағы өшпес ерлігі мен ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті мен бағасы артып, даралана түседі. Жеңіс бізге миллиондардың төгілген қанымен келді.
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да биыл 71 жыл. Қан майданда ажалмен арпалысып жүріп, ғажайып ерлік жасаған аға ұрпаққа деген құрмет сезіміміз еселене түседі. Елдігіміз бен ерлігімізді, отансүйгіштігімізді паш етті. Олар жасаған ұлы ерлік ешқашан ұмытылмайды, ол мәңгілік қалады.
Ауылымызда Жеңістің 70 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» атты мемориалды тақтаға майдангер аталарымыздың аты-тегі жазылып, «Ерлік ешқашан да ұмытылмайды» тақтасына суреттері қойылып, «Ардагерлер алаңына» ағаштар егілді. Осы ардагерлердің ішінде менің Іскендір атамның болғанын мақтанышпен айтамын. Келер ұрпақ, яғни біздер, майдангерлердің ұрпағымыз. Осындай заманда бақытты өмір сүріп жатқанымыз ержүрек бабаларымыздың арқасы екенін ерекше мақтанышпен құрмет тұтамыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы егемен елімізге, Сыр халқына құт-береке, мол байлық, нұр шуақты бақыт әкелгей!
Бола ма соғыс –
Біздікі Жеңіс!
Бірақ та соғыс
Болмасын деңіз! – деп, сөзімді аяқтағым келеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі