Болмасын қайта қантөгіс

 Болмасын қайта қантөгіс

Бақыт Назым
8 сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Мананбай Г.А.

«Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?»
Сырбай Мәуленов
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 71 жыл! 9мамыр – бұл мыңдаған саналы жаңа ұрпақ үшін ортақ қуаныш. Бұл мерейтой – біз үшін де ұлы күн! Ұлы Отан соғысы біздің әрбір соғыс тауқыметін көрген ата-әжеміз үшін жүрегіне өшпестей қара іздерін қалдырды.Ер есімі - ел жадында мәңгіге.Біз батырларымызды мақтанышпен әнге қосып жырлаймыз.Себебі, Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге осындай өмірді сыйға тартты. Бұл жеңіске қол жеткізудің сыры Отанға деген сүйіспеншілік пен қайтпас қайсар ерлік, сын сағаттағы патриоттық сезімдерде жатыр.
Жеңіске жетуде орыс, украин, беларус, қазақ, татар, өзбек және басқа да ұлттар фашистерге қарсы соғыста тізе қосып бірге тойтарыс берді. Олардың мақсаты артта қалған жанұяларын, ыстық атамекенін, кейінгі жастардың келешегін сақтап қалу тұғын. Шынымен, сол уақытта кеңестік идеология мықты жұмыс жасады. Соның ішінде жалған көтермелеу, кейде ойдан батырлық жасау сияқты көзбояушылықтар болғаны жасырын емес. «Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін» деп Қ. Аманжолов әндеткендей, талай жас қыршыннан қиылды. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін жауынгерлерді тамақтандыру үшін тынбай еңбек етті. Соғыс дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдарын тәркіге салды.Бірақ осы соғыста Қазақстанның қосқан үлесі ерекше болды. Халықтың соғыс қажеттеріне жұмылдырылуы 24%-ды құрады. Кейін соғыста сіңірген еңбегі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды
Оңай келмеген Отан үшін соғыста ерекше ерлігімен көзге түскен біздің Т.Бигелдинов, пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова, атқыштар С.Баймағамбетов, минометші Қ.Спатаев пен А.Бақтыгереев, кавалерист М.Қатаев, сапер атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин, Бауыржан Момышұлылар, Лейтенант Р.Қошқарбаев секілді батырларымыз өте көп болған. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз.Қазақстанда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының бөлімшелері 1941 жылдың 16 қарашасында Мәскеуге өршелене ұмтылған неміс басқыншыларының шабуылынатойтарыс берді. Осы жылдың 18-21 қарашасында Мәскеуді жаудан қорғау шайқастарында ботальион командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлының сарбаздары асқан ерлік көрсетіп, даңққа бөленді.Ұлы Отан соғысы куәгерлерінің айқын миссиясы туралы айтқанда М.Ғабдуллин, С.Аманжолов, С.Бәйішев, А,Нүсіпбеков, С.Зимонов, А.Абдуллин, Ә.Қайдаров сынды танымал ғалымдарды айтпай кетсек жөн болмас. Олар елдің басына күн туғанда жауынгерлер арасында тәрбие жұмысын жүргізіп, кейін ғылым салаларына басшылық жасауда көп еңбек сіңірді.Б. Момышұлы мен Қ. Аманжолов, Ж. Молдағалиев бастаған жазушылар тобы соғыс туралы бастан өткерген қиындықтарын қағаз бетіне қанмен жазып бізге жеңістің қандай қиындықпен келгенін ұқсын деп мұра қылып қалдырды.Сонау 45-інші жылдың 9-мамыры күні жауыз фашистерді түгелімен жеңдік деген сәтте барша КСРО халқының қуанышы қойынына сыймай ,көңілдері бір марқайып қала берді. Осы сәттен бастап халықтың жүрегі тек қуаныш деп лүпіл қақты. Кеңес Одағының тұрғындары 1418 күн мен түндерді осы шаттық хабарды естуді аңсаумен өткізді.
Қазір көптеген көшелер мен оқу орындарына батырлардың есімдері берілді. Бұл да болса біздің оларға деген рахметіміздің бір көрінісі. Бірақ өкінішке орай бүгінде сол ардагер-батырларымыздың саны сиреп қалды. Қазірде тек 6 мыңға жуық соғыс ардагері қалды. Олардың ең жасының өзі ендігі 90-ды еңсеріп қалғандар, жартысына жуығы төсектен тұра алмас халге жеткен қарттар. Өмірде ұрпақ үшін берерін аямаған қарияларға мәңгі тағзым ету біздің парызымыз. Батырларымыздың ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ болып тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қала бермек .Елбасының өзі айтқандай, «Жеңістің 70 жылдығына орай еліміздің барша өңірлерінде әрбір батырды еске түсіріп, тағзым етуіміз қажет. Қас дұшпанға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанның қорғасыны мен жезінен құйылды. Ол жеңіс бізге аталардың қанымен, аналардың терімен келді. Ерлік ешқашан халықтың жадынан ұмытылмайды. Біз ата-бабаларды ұлықтап, есімдерін ұрпақ жадында жаңғырта беруіміз керек».
Иә, ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Келешекте Қазақстан тек гүлдене берсін! Көк аспанда бейбітшіліктің орнасын! Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне басымды ие отырып,болашақта атқан әрбір ақ таңымыз жаңа өмірге рахметпен басталсын дегім келеді.
Жер шарында әр елде.
Айтады адал жан тегіс:
Болмайды соғыс әлемде,
Болмасын қайта қантөгіс.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍