XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

 XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
Сабақтың мақсаты: XIX ғ. өнер туындыларының қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайды танып білудегі орнын анықтау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Өткен материалды еске түсіру.
«Үздіксіз сөйлеу» әдісі бойынша өткен материалды тексеру, пысықтау.
Атауы Мағынасы
Жетіген
Қылқобыз
Сазсырнай
Дауылпаз
Сыбызғы
Қоңырау
Желбуаз
Ой шақыру.
БЫМ Құрманғазының «Балбырауын» күйі тыңдатылады. Оқушыларға бұл күйдің Құрманғазы шығармасы екені таныстырылып, төмендегі сұрақтар қойылады:
-Күйде не туралы айтылған?
-Жыр, күй шығармаларының ерекшелігі неде?
-Күйшілер деген кімдер?
-Бүгін сабақ не жайында болуы мүмкін?
(М) Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел
Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?
Сыныпты топтастыру.
(Т) 1-6-ға дейінгі сандар жазылған карточкалардың артында белгілі бір күйші-сазгерлердің аты жасырылып тұрады. Мысалы, 1-ші карточкада Құрманғазы., 2-карточкада Тәттімбет., 3-ші карточкада Дәулеткерей, 4-ші карточкада Ақан сері Қорамсаұлы, 5-ші карточкада Жаяу Мұса Байжанұлы , 6-шы карточкада Мұхит Мераұлы. Нәтижесінде 6 топ таңдаған нөмеріне сәйкес белгілі бір жырауды таңдап алады. Мысалы:
(Б) Жаңа ұғымдармен жұмыс.
Қазақ музыкасына қатысты ұғымдардың мағыналарын ұғыну бағытында «жұптарды сәйкестендір» тапсырмасы ұйымдастырылады. Әр топ берілген карточкадағы ақпарат бойынша тақтада көрсетілген ұғымдардың біреуін, оның мағынасымен сәйкестендіреді.
Күй- қазақ халқының аспапта ойналатын музыкалық жанры
Терме- Ақылымен нақылы бар өлеңді әуен.Термеде күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жайттар, ата-бабасының өсиетін, өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйретеді.
Ән- музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы
Айтыс- ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Күйші- домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы - музыкант. Күйшіні домбырашы, сыбызшы, қобызшы деп те атайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 683



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі