Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тамақтан кейін оқылатын дұға

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.1.2 – Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау
Сабақтың мақсаты: Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен мақсатын талдау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Мұғалім оқушыларға төмендегі суретті көрсетіп, диалогтік-сатылай сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.
Сұрақ:-Суретте кім бейнеленген?
-Ол қалай бейнеленген?
Автор осы сурет арқылы қоғамдағы қандай проблеманы көрсетіп тұр?
Бұл адамның Қазақстанға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
 Тарихи концепт (фокус): өзгеріс пен сабақтасты
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): өзгеріс пен сабақтастық
Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті?
Зерттеу мен талдау
Жаңа сөздермен жұмыс.
(Б) Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері жазылған карточкалар ілінеді. Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылып, олардың мазмұнын оқып шығуға мүмкіндік беріледі. Мұғалім сонан соң оқушылардан тақтадағы жаңа ұғымдардың атаулары карточкадағы сөздердің қайсысымен сәйкес келетіндігі туралы сұрайды. Жаңа сөздердің мағынасын дұрыс таптым деген оқушы жауабын оқиды, егер ол жауап дұрыс болған жағдайда (мұғалім жауаптардың дұрыс/бұрысын тыңдап тұрады) тақтадағы жаңа ұғымдардың біріне сәйкесінше орналастырады. Ал уақыт тығыз болған жағдайда уақытты тиімді пайдалану үшін мұғалімнің жаңа ұғымдарды қысқаша түсіндіріп кетуіне де болады.
Басыбайлы құқық
Несие
Ходоктар
Зерттеу алдындағы ойды шоғырландыру жұмысы
М Қоныстандыру саясатының себептерін анықтау үшін Ресейдегі басыбайлы құқық туралы бірнеше минуттық қысқаша мәлімет беріледі.Басыбайлы құқықтың жойылуының неліктен қарапайым шаруалар үшін маңызды екеніне назар аударту. Оқушылар «басыбайлы құқық» ұғымының мағынасын түсінуі үшін оның негізгі белгілері беріледі.
 Шаруалардың жеке топтары арасындағы айырмашылықтардың жойылуы;
 Шаруалардың құқығына, қосымша табыс іздеуіне шек қойылуы;
 Шаруалардың бірте-бірте азаматтық құқығынан айырылуы;
 Феодалдың шаруаны қуып жіберуге құқығы бар болуы
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма. Суретпен жұмыс
Жаңа тақырып материалын игеруде зерттеу жұмысының алғашқы қадамы- оқушылардың зейінін суретке шоғырландыру іс-әрекетінен басталады. Түрлі мазмұндағы суреттер беріліп, олардың мазмұнын ашу үшін сұрақтар ұсынылады.
Сұрақ:
Суреттердегі басты тұлға кім?
Қандай іс-әрекет болып жатыр?
Басты тұлғаның жағдайы қандай болған?
Енді не болуы мүмкін екендігін болжап көріңіз?
Ары қарай не болуы мүмкін?
Бұл оқиғаның Қазақстанмен қатысы болуы мүмкін бе? Неліктен?
Қазақстанда қандай тарихи оқиға болады деп ойлайсыздар?? ....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Дұға жасаушыға кеңес



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle