ZHARAR | KZ ✅ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

 XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
Сабақтың мақсаты: Орта Азия хандықтарының үстемдігіне қарсы Жанқожа мен Есет батыр бастаған азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды.
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.
І топ. Қоқан хандығы
ІІ топ. Хиуа хандығы
ІІІ топ. Бұхар хандығы
БЫМ. (Б) Ой шақыру.
Тақтадан «Тарихи даталар сөйлейді» әдісі арқылы сабақ тақырыбын анықтау.
-Мен не көріп тұрмын?
-Мен қандай қорытынды жасаймын?
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт: Себеп және салдар
Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?
(М) Оқушыларға XVIII ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның саяси картасы көрсетіледі. «Орта Азия елдерімен Қазақстан арасында қандай байланыс болуы мүмкін?» деген сұрақ қойылып, болжам жауаптары алынады.
«Мықты ел екі әлсіз елдерді жаулап алу үшін оларды бір-біріне айдап салып әлсіреген кезде жаулап алады» деген Ф.Энгельстың пікірі ұсынылып, берілген цитатаның мағынасы ашылады. Бұл пікірді «Қазақстанмен байланыстырып және қандай елдерге қатысты айтуға болады?» деген жетелеуші сұрақтар қойып, сыныптық талқылау ұйымдастырылады.
Зертеу мен талдау
(Б/Т) 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға тақырып мазмұнын ашатын мәтін таратылады. Оқушылар мәтінмен танысып, мәтінді талдау тапсырмасын орындайды. Кесте толтырылып болғаннан кейін, кестедегі сұрақ мазмұны бойынша жауап беру ұйымдастырылады.
1-топ. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы Орта Азия хандықтарының экспанциясы
Оңтүстік Қазақстан аумағында Орта Азия хандықтарының қай мемлекеттері үстемдік жүргізді?
Орта Азия хандықтары оңтүстік Қазақстанда қандай мақсат көздеді?
Оңтүстік Қазақстан аумағында Орта Азия хандықтары қандай бекіністер тұрғызды?
Орта Азия хандықтары оңтүстік Қазақстан қазақтарына қандай озбырлық саясат жүргізді?
Орта Азия хандықтары экспансиясы-
ның қандай зардаптары болды?
Дескрипторы:
- Оңтүстік Қазақстан аумағын басып алған Орта Азия хандықтарын атайды;
- Орта Азия хандықтарының қазақтарға қатысты мақсатын анықтайды;
- Орта Азия хандықтарының Оңтүстік Қазақстан аумағында салған бекіністерін атайды;
- Орта Азия хандықтарының оңтүстік Қазақстандағы қазақтарға жүргізген озбырлық саясатын сипаттайды;
- Орта Азия хандықтары экспансиясының зардаптарын түсіндіреді....
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Гость Милана - Сегодня, 08:45
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Гость Милана - Сегодня, 08:44
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Куралай - Сегодня, 08:24
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

👌👍

Балзия - Сегодня, 08:02
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маганда пж

Ансагуль - Сегодня, 07:37
Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Керемет 🤘 тілектер

ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР