Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Перзент сүю үшін оқылатын дұға

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
Сабақтың мақсаты: Орта Азия хандықтарының үстемдігіне қарсы болған азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды.
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
(Б) Ұйымдастыру сәті.
Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.
(М) XVIII ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның саяси картасы көрсетіліп, оқушыларға төмендегі сұрақ қойылады. Сұрақ төңірегінде пікір алмасу.
Қазақстан мен Орта Азия елдері арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Дәйексөзбен жұмыс
(Б) Зерттеу мәселесіне қатысты ойды шоғырландыру және зерттеу тақырыбына ену мақсатында сатылай-диалогтік әңгіме ұйымдастырылады. Оқушыларға XVIII ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның саяси картасын көрсетіп, «Орта Азия елдерімен Қазақстан арасында қандай байланыс болуы мүмкін?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмастырылады. Ф.Энгельстің «Мықты ел екі әлсіз елдерді жаулап алу үшін оларды бір-біріне айдап салып, әлсіреген кезде оларды жаулап алады» деген пікірі ұсынылып, берілген дәйексөз мағынасын ашу ұйымдастырылады. Автор пікірін Қазақстанмен байланыстыру үшін «Пікір қандай елдерге қатысты айтылған?» деген жетелеуші сұрақтар қойылып, сыныптық талқылау жүргізіледі.
М Хиуа, Бұхара және Қоқан хандықтарының өмір сүрген уақыты, әйгілі хандары, этникалық құрылымы және территориясы туралы қысқаша ақпарат беріледі.
Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?
Зерттеу мен талдау
Оқушылардың пікірін тыңдап болғаннан кейін, жаңа тақырыпты игеруде қадам-қадаммен зерттеу жұмысы ұйымдастырылады. Алдымен 1-қадамда әр жұпқа «Тарихи деректер не дейді?» және -«Кілт сөздер сөйлейді» тапсырмаларын орындау жүзеге асырылады. Бағалау критерийіне сәйкес жасалынған дескрипторлар тапсырма парақшаларында бірге берілген дұрыс.
1-тапсырма. Тарихи дерекпен жұмыс
«Тарихи деректер не дейді?»
(Ж) Оқушыларға тарихи дерек- Жанқожа батырдың Райым бекінісінің коменданты подполковник Ерофеевке жазған хатынан үзінді ұсынылады. Деректің мән-мазмұны сұрақтар негізінде талданады......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Картоп аршуға ерінесізбе



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle