ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
 XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)
Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау
Сабақтың мақсаты: Патша үкіметінің 1867-68 жж реформаларының қазақ қоғамына әкелген өзгерістерін өткен кезеңдермен салыстыра талдау.
(Т) Ұйымдастыру сәті.
Өткен материалды еске түсіру
(М) -1822-24 жж патша реформалары неге жарамсыз болып қалды?
-1867-68 жж реформалар бойынша Қазақстан неше әкімшілік-аумақтық сатыдан тұрды және қалай аталады?
-1867-68 жж реформалар бойынша Қазақстан жері қандай генерал-губернаторлықтарға бөлінді?
-Генерал-губернаторлықтар неше облысқа бөлінді және қандай?
-Әр аумақтық-әкімшілік сатының басындағы қандай лауазым иелері тұрды?
-Қазақтар қандай лауазым қызметтерін атқаруға құқылы болды?
Оқушылар жауаптарынан кейін бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі.
(М) Сабақ тақырыбы пысықталып, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Себеп пен салдар
Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты?
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
М 1867-1868 жж. реформаға сәйкес Қазақ қоғамына енген өзгерістер туралы мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтін мазмұнын оқып, талдау тапсырмасын орындайды. Қазақстанда орын алған өзгерістер туралы талқылау жүргізіледі.
Есте қалатын
Нәтижелігі
(Бұл оқиғалар неге алып келді?)
Айрықша Жағымды, жағымсыз нәтижелер мәнді
(Нақты сол уақытта қандай көрініс тапты?Бұл оқиғаны маңызды немесе бірегей деп деп санады ма? )
Резонансты
(Бүгінгі күні біздің қоғамда бұл оқиға көрініс таба ма? Қоғамның қалыптасуында бұл оқиға өзінің әсерін тигізді ме?Адамдар бұл оқиғадан сабақ алды ма?)
Айқындайтын/Басқа да қырларын түсінуге жол ашатын
(Берілген оқиға сол уақыттағы адамдардың ой-пікірі мен іс-әрекеттері туралы қандай ақпарат бере алады)
Дескриптор:
1-топ. Патша өкіметінің 1867-68жж жүргізген реформаларынан есте қалатын жайт (жағдай) жне оның қорытындысын кемінде 3-дәйекпен нақтылайды;
2-топ. Патша өкіметінің 1867-68жж реформаларының қазақ қоғамына әсер еткен жағымды, жағымсыз әсерлері болғанын кемінде 3 дәйекпен түсіндіреді;
3-топ. Патша өкіметінің 1867-68жж реформалары қоғамның қалыптасуында өзіндік әсері бар екенін 3 дәйек келтіре талдайды;
4-топ. Патша өкіметінің 1867-68жж реформалары сол кездегі адамдардың ой-пікірі мен іс-әрекеттері туралы ақпарат бере алатынын кемінде 2 дәйекпен дәлелдейді.....
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии