Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҰБТ. Қазақ тілі пәнінен қалай дайындалған дұрыс?

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.4 –қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. қазақ халқының қолданбалы өнер жетістіктерін бағалау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Алдымен бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Оқушыларға сатылап сұрақ қою әдісімен диалог әңгіме жүргізіліп, өткен материал еске түсіріледі. Оқушыларды осы сабақта басты зерттелетін мәселеге ойларын шоғырландырудан бұрын, өткен материалды еске түсіріп, пысықтап алуға назар аударылады.
-Қолданбалы өнер дегеніміз не?
-Қандай қолданбалы өнер туындыларын атар едіңіз?
- Қолданбалы өнердің шаруашылық пен тұрмыс-салтқа тікелей баланыстылығын дәлелдеңіз.
(М) Оқушылар жауаптары тыңдалып болған соң, сабақ тақырыбы пысықталады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері нақтыланып, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): маңыздылық
Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?
Зерттеу мен талдау
Топтарға бұйымдардың жасалу әдісі мен мәні туралы қажетті мәтін таратылады. Топ ішінде оқушылар мәтін мазмұнын талдап, әр бұйымның жасалу әдісі мен мәні туралы талқылау жүргізеді. Сонан соң топтар сыныптастарының алдында өз ақпараттарымен бөлісу үшін жұмыстарын қорғайды. Қалған топ оқушылары өздеріне қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алып отырады.
1-топ. Ағаштан жасалатын қолданбалы өнер бұйымдары;
2-топ.Металдан жасалатын қолданбалы өнер бұйымдары;
3-топ. Теріден және жүннен жасалатын қолданбалы өнер бұйымдары
Дескриптор:
1-топ. Ағаштан жасалатын бұйымдардың кемінде 2-уінің жасау әдісі мен мәнін талдайды;
2-топ. Металдан жасалатын жасалатын бұйымдардың кемінде 2-уінің жасалу әдісі мен мәнін талдайды;
3-топ. Теріден және жүннен жасалатын бұйымдардың кемінде 2-уінің жасалу әдісі мен мәнін талдайды;
Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы.
Интерпретация.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат деген жұмбақ сезім



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle