Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қаза намаз - қаза болмасын

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау
Сабақтың мақсаты: Патша өкіметінің отаршыл саясатының жүру барысы мен оның нәтижесін талдау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Топтастыру
Ой шақыру.Тақырыпқа шығу.
БЫМ /Оқушыларға казактардың суретін көрсетіп, сатылай сұрақ қою стратегиясымен диалог құру/
М: - Бұл суреттен кімді көріп тұрсыздар?
-Олардың киіміне қарап, қызметін анықтауға болады ма?
- Сіз сурет бойынша қандай қорытындыға келдіңіз?
(М) Оқушылардың жауаптары толықтырылып, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Оқушылардың ойларын осы сабақта басты зерттелетін мәселеге шоғырландырылып, болжам жауаптары арқылы зерттелетін мәселе бағытталады.
(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты пысықталып, бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Себеп пен салдар
Зерттеу сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге асырды?
Зерттеу мен талдау
Мәтінмен жұмыс
Топ оқушыларының өз қалаулары бойынша деңгейіне қарай қабырғада ілінген сұрақтар топтамасынан жауап беруге мүмкіндігі бар екені ескеріледі. Топтар тақырыптарына қатысты мәтін мазмұнын оқып, мәселені талдап, зерттейді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ресей империясының Қазақстанды отарлауы қалай жүзеге асқанын анықтайды. Топтар өз жұмысының нәтижелерін әр түрлі үлгіде ұсына алады.
Бөлме қабырғасына ілінген сұрақтар:
Патша өкіметі отарлық саясатты жүзеге асыруда кімдерге арқа сүйеді?
Неліктен патша өкіметі Қазақстан жеріне алдымен әскери сословие-казактарды қоныстандырды?
Неліктен казактар Жайық, Орынбор, Сібір және Жетісу аймақтарына қоныстандырылды?
Казактар қазақтардың жерін алуға неге мүдделі болды?
Казактар отарлау саясатының тірегі болды.Осы тұжырыммен Сіз қаншалықты келісесіз?
Казактарды қазақтардың жеріне қоныстандырудың қандай салдары болды?.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қыз келіншектердің жалаңаштануы ең алдымен кімге зиян



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle