Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды. Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді.
(Б) Ұйымдастыру сәті.
Өткен материалды еске түсіру
Кенесары бастаған көтеріліс туралы білімдерін тексеру үшін «жылқы қаңқасы» тапсырмасы ұйымдастырылады. Көтеріліс себебін жылқының тұмсығына, көтеріліс мақсатын жылқының басына, көтеріліс барысындағы оқиғаларды жылқының қабырғасына, оқиғаларға қатысты фактілерді жылқының тұяғына, көтеріліс нәтижесін жылқы құйрығына жазуы қажет. Оқушылардың жазба жүмысы жинап алынады.Мұғалім тексеріп, келесі сабақта кері байланыс береді.
(М) Өткен материал пысықталып болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Сабақта 1837-47 жж көтеріліс басшысы Кенесары туралы деректер зерттелетіні туралы айтылады.
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт: Себеп-салдар
Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?
Зерттеу мен талдау
(Б) 1-тапсырма. Бейнематериалмен жұмыс
«Деректерді талдау»
Оқушыларға «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басты мақсаты неде?» бейнематериалының (02.03-10.15 мин аралығы) мазмұны тыңдатылады. Ұсынылған сұрақтарға жауап беру негізінде бейнематериал мазмұны игеріледі. Бейнематериал екінші рет көрсетіліп, оқушылардың өз жауаптарын толықтыруға мүмкіндік беріледі. Сонан соң оқушылардың үздік деген жауаптары тыңдалады. (Бейнематериалды тыңдауға 8 минуттай, игерген ақпаратты тексеруге үшін 10 минут беріледі) ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 514



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі