Сабақ жоспары (ұмж): Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
50 түрлі дертке дауа болатын ерекше өсімдік

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Сабақтың мақсаты: Абылай ханның Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтаудағы ролін талдайды.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Абылай хан суреті арқылы тақырыпқа шығу
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы өткен тақырып еске түсіріліп, сабақ тақырыбы анықталады. Оқушылар жауаптарынан кейін бүгінгі өтетін тақырып алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі хабарланады.
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылып, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел мен тарихи интерпретация
Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?
Т Сыныпқа Абылай ханның жүргізген саясаты туралы ресурс бейнематериал көрсетіледі. Ұсынылған бейнематериал топтамасының әр қайсысынан тапсырмаға қатысты ақпараты бар тұстарды тыңдатуы және мұғалімнің тақырып мазмұнына сәйкес қосымша ақпарат беруі қажет. Оқушылар бейнематериалды тыңдай отырып, талдау парағын толтырады. Жұмыс орындалып болғаннан кейін, мұғалім дұрыс жауаптарды ұсынып, орындалған тапсырмаға жұптық бағалау арқылы кері байланыс беріледі.(«Талдау парағы» дидактикалық материалда ұсынылған.)
Кері байланыс.Жұптардың бірін-бірі бағалауы.
Т Зерттеу мен талдау.
«Қазақ хандығының дербестігін сақтауда Абылай хан жүргізген шаралардың қайсысы маңызды?» тақырыбында зерттеу-талдау жұмысы «Маңыздылық шкаласы» тапсырмасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларға мұғалім «Қазақ хандығының дербестігін сақтап қалу үшін не қажет деп ойлайсыздар?», «Осы кезде Абылай хан Қазақ хандығында қандай өзгерістер енгізді?» деген мұғалім сұрағына оқушылар өз болжам-жауаптарын береді. Сонан кейін алдын-ала бұл сұрақтарға жауап жазылған карточкалар дайындалып, оқушыларға таратылады. Оқушылар жинақтаған білімдер негізінде карточкалардағы тұжырымдарды маңыздылық дәрежесі бойынша орналастырады. Сынып алдында орналастыру себебін түсіндіріп, қорғайды
Маңыздылық шкаласы
Оқушылар төмендегідей тұжырымдарды (карточкада жазылған) маңызына қарай «маңыздылық шкаласына» орналастырады.
• Үш жүздің басын қосып, саяси бытыраңқылықты жойды;
• Бір орталықтан басқарылатын орталықтандырылған мемлекет құрды;
• Орта Азия хандықтарын Қазақ хандығын мойын ұсындырып, қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнатты;
• Абылай жоңғарлардың ішкі таласын пайдаланып, жоңғар шапқыншылығын күйретті;
• Ресей, Қытай, Орта Азия елдерімен экономикалық-сауда байланыстарын күшейтті;
• Қытаймен дипломатиялық қатынастың нәтижесінде қазақ жерлерін қайтарды;
• Қазақ хандығын нығайтудың нәтижесінде сыртқы қауіпсіздікті күшейтті.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ұялы телефонды қолдану қағидасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle