Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

 Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
7.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау
Сабақ мақсаттары: Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын талдау.
Стимул тудыратын сурет
Сабақтың тақырыбымен,оқу мақсатымен таныстыру.
Б Хақназар ханның портретін, ордасының суретін, қылыш немесе қанжарды көрсетіңіз.
Осы заттардың арасында қандай байланыс бар? деген сұрақ қойыңыз. Оқушылардың болжауын тыңдаңыз.
Зерттеу сұрақтары:
Қасым ханнан кейінгі билік еткен хандар кезінде айырылған Қазақ хандығының жерлерін Хақназар хан қалай қалпына келтірді?
Қазақ хандығына көз тіккен сыртқы жаулардың шапқыншылық жоспарларын қалай тойтара білді?
Зерттеу мен талдау
Т Оқушыларға Хақназар ханның жүргізген сыртқы саясаты туралы ақпараты бар карточкалар таратыңыз.
Карточкалардағы мәліметтерді қолданып таңдаған позицияларын дәлелдеуді талап етіңіз:
1. Хақназар хан - Қазақ хандығын нығайтушы.
2. Хақназар – көреген, мәмілегер хан.
Хақназар билігінің кезеңіндегі саяси жағдай туралы негізгі ой түйінді жасауға тапсырма беріңіз.
Хақназар хан билігі кезеңі туралы бейнематериалды көрсетуге болады.
Т Мәліметтерге сүйене отырып карта арқылы Қазақ хандығы аумағының Хақназар хан тұсындағы өзгерістерін көрсетуді тапсырыңыз.
Б Оқушылардың интерпретациясынан кейін тақырыпты жалпылаңыз: ХVІ ғ. Қазақ хандығының көршілес мемлекеттермен қандай қарым - қатынаста болғанын түсіндіріп, Хақназар ханның неліктен бірнеше елдің ханы атанғанын оқушылардан сұраңыз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 534



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі