Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ халқының қалыптасуы заңдылық па? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ халқының қалыптасуы заңдылық па? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Құран бағыштап үйреніңіз! (мәтін, видео)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы заңдылық па?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.1.3 ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау
Сабақ мақсаттары: 7.1.1.4 «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру.
(М) Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды түгендеу, қолайлы атмосфера қалыптастыру)
Берілген суртеттер негізінде жаңа тақырыпқа шығу.
Көрсетілген суреттерде не бейнеленген?
Суреттердің арасында қандай байланыстар болуы мүмкін?
Бүгінгі сабағымызға қандай қатысы болуы мүмкін?
Сабақ мақсаты, критерийлермен таныстыру.
(Б) Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қандай шарттар болуы қажет деп ойлайсыз?
Оқушылар берілген сұрақ шеңберінде өз пікірлерін ортаға салады. Жалпы сыныптық талқылау ұйымдастырылады.
Кейін оқушыларға халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар таныстырылады:
1. халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;
2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
4. халықтың тілінің қалыптасуы;
5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
(Б) Бейнематериалмен жұмыс
«Қазақ» атауының шығуы жөнінде қандай пікірлер бар?
Бейнематериал қарап шыққаннан кейін берілген сұрақ төңірегінде оқушылар өз пікірлерімен бөліседі.
(Б) Қазақ атауының қалыптасуы жөніндегі пікірлермен танысады.
• Академик В. В. Радлов «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.
• Ш. Ш. Уалиханов «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.
• 1871 жылы В.И.Григорьев сақтардың өмір сүруі, күн көрісі қазақтарға өте ұқсас екендігін айта келіп: «Біздіңше «сақ» деген атау «қыпчақ» және «қазақ» (қассақ) деген сөздердің морфемаларында сақталған» деп жазады
• А. Н. Бернштам: «қазақ» сөзі кас - пи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды.
• Зерттеуші А. Әбдірахманов: «қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жазылған: оғ - көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қазоғ (оқ)- қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Оразаның денсаулыққа он пайдасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle