Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

 Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
7.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
7.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
7.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру.
Б Бастапқы стимул. Оқушыларды тақырыпқа қызықтыру үшін көшпелі шаруашылыққа байланысты әртүрлі заттарды көрсету.
- Неліктен бұл заттардың жиынтығы берілген? Осы заттардың берілуі себептері туралы ойланыңдар. Бұдан қандай тақырып шығуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы және мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.
1-тапсырма
(Ж/Т) Зерттеу сұрақтары:
Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?
Түркі халықтарының өмір салтынан көшпелі қоғамның бейнелеуін көре аламыз ба?
Көшпелі қоғамның негізгі белгілерін түркі халықтарының қолөнері, шаруашылығы және әскери өнері арқылы қалай анықтаймыз?
Зерттеу мен талдау
Т Топтарға түрлі мәселелерді зерттеуге тапсырма беріледі:
1 топ – әскери өнер
2 топ – шаруашылық
3 топ – қолөнер
Зерттеу барысында келесі сұрақтарды қарастыру:
1. көшпелілердің әскери өнерінің ерекшеліктері қандай?
2. көшпелі халықтың өмір сүру салтының артықшылығы неде?
3. қолөнердегі жетістіктер негізінде қандай тұжырымға келуге болады? Бүгінгі күнде оның қандай ұлттық құндылығы бар?
Зерттеу тақырыптарына байланысты қытай және араб деректерінен үзінділерді таратып беру. Қосымша 1.
Әр топ мәтінмен жұмыс жасап, жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап іздейді
Интерпретация
Т Әр топ өзінің зерттеулерін қорғайды.
Оқушылар өздерінің жұмыстарын ұтымды түрде көрсете алуы тиіс.
1 топ – әскери өнерді көрсету критерийлері:
әскери өнердің артықшылықтарын көрсете алуы; Ғұн және түркі тайпаларының әскери өнеріндегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды анықтауы.
2 топ – шаруашылықты көрсету критерийлері:
суреттер мозайкасы арқылы, презентация, көрініс т.б. түрінде қарапайым көшпелінің бір күндік өмірін көрсетеді.
3 топ – қолөнерді көрсету критерийлері:
суреттер мозайкасы арқылы, презентация, көрініс т.б. түрінде қолөнербұйымдарыныңжәрмеңкесіннемесекөрмесінсахналандырыпкөрсететіп,еңкеңтаралған заттардыжарнамалайды.
Бұл ерекшеліктер көшпелі қоғамды қалай сипаттайды? деген сұрақ қойып, ақпараттары бар салыстырмалы кесте беріңіз. Оқушы оның астындағы ұяшыққа ұқсастықтарын жазып толтырады.
Б Оқушыларға көшпелі қоғам өмірінен бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері туралы сұрақ қойып, диалог құру.
Шаруашылықта...
Қолөнерде...
Тұрмыста...
Қазіргі заманғы ірі қала тұрғындары көшпелілерден нені үйрене алады? Шағын эссе жазу. ПОПС әдісімен......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 679



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!