Сабақ жоспары (ұмж): Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Түркі әлемі қалыптасуының басталуы  (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)



Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түркі әлемі қалыптасуының басталуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Тарихи концепт (фокус): өзгеріс пен сабақтастық
6.1.1.1 – түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсету
Сабақ мақсаттары: 6.3.2.1– тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру.
Барлық оқушылар. «Миграция» ұғымын ашатын суреттер
топтамасын көрсетіп, оқушылардың ой-пікірін
тыңдалады .
 Суреттен не көріп тұрсыздар?
 Бұл қандай процесс болуы мүмкін?
 Бұл процестің Қазақстан тарихымен
қандай байланысы болуы мүмкін?
Талқылаудан кейін бүгінгі жаңа сабақпен сабақтастырады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары таныстырылады.
Жұппен жұмыс. Оқушыларға «миграция» ұғымын
сипаттайтын 4 түрлі анықтама таратылады және
төмендегі тапсырмаларды беріледі
 Қай анықтама «миграция» ұғымын толық сипаттап, мазмұнын ашады ?
Мұғалім. Оқушыларға «миграция» ұғымын және оның ерікті әрі мәжбүрлі болатынын, сонымен қатар «этнос», «миграция», «ассимиляция», «консолидация» ұғымдарын түсінеді.
Миграция туралы анықтамалар:
1.Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір
аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. (Википедия)
2.Миграция-халықтардың үлкен немесе кіші масштабта орын ауыстыруы. Ол бейбіт немесе агрессиялық “адамның мекен- жайының тұрақты немесе уақытша
өзгеруі”сипатқа ие болуы мүмкін ( J. Chapman and Hamerow, 1997)
3. Ұлы қоныс аудару-этностардың өмір сүруге неғұрлым қолайлы жерлерді іздеп, қолайсыз аймақтардан кетуі. (Л.Гумилев)
4. Миграция- адамның мекен-жайының тұрақты немесе уақытша өзгеруі (Е.Равенштейн)
 Анықтамалардың бірін таңдап алып ПТМС формула негізінде дәлелдеу тапсырмасы беріледі
Мұғалім . Миграцияның ерікті әрі мәжбүрлі болатынын және себептерін түсіндіріледі
Зерттеу
Т Оқушыларды төрт топқа бөлу. Топтарға миграцияның саяси, экономикалық, әлеуметтік әскери, демографиялық, мәдени, діни және этникалық себептері жазылған мәтін таратылады Бірақ мәтінде миграция түрлері туралы ақпарат жасырын берілуі керек. Оқушылардың мақсаты миграция түрін ажыратып, дәйектер келтіре отырып түсіндіреді
Т Төрт топқа зерттеуге белгілі бір тайпаны таңдату және мәтін таратылады . Мәтіндегі деректі қолдана отырып, әр топ өз тайпасының көші-қон бағыттарын стикер қолдана отырып картада белгілейді.
І топ - ғұн тайпаларының миграциясы;
ІІ топ - түркі тайпаларының миграциясы;
ІІІ топ - оғыз-қимақ;
IV топ - қыпшақ тайпалары.......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle