Сабақ жоспары (ұмж): Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Холецистит ауруының алдын алу

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақтың мақсаты: Тәуке ханның мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау.
Қызығушылықты ояту.
Бүкіл сынып.а). Оқушыларға Тәуке ханның және Ликургтың суретін көрсетіледі.
Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:
Суреттердегі кімдер?
Ликург кім болуы мүмкін?
Неліктен Левшин Тәуке ханды Ликургпен салыстырып отыр?
Болжамдары тыңдалады. Оқушылардың болжамдарын тыңдап алып А. И. Левшин, Ликруг туралы ақпарат беріп өтіледі.
в) Сабақтың тақырыбы, мақсаты және жетістік критерийлері анықталады.
Бүкіл сынып. Тақтада келесі кілтті сөздерді тізіліп жазылып тұрады: би, заң, сот, кеңес, жаза, қылмыс.
Аталған сөздер Тәуке ханға қандай қатысы болуы мүмкін екені оқушылармен талқыланады.
Керей мен Жәнібек, Қасым, Хақназар, Есім хандарды зерттеген кезде би деген сөз кездесті ме?
Би қандай қызмет атқаруы мүмкін? деген сұрақ қойылады.
Зерттеу мен талдау
Топтық жұмыс. Берілген болжамды жауаптардан кейін оқушыларға Тәуке ханның өмірі, Қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі туралы мәтін мен «Жеті жарғыдан» үзінді ұсынылады.
1-топ.Тәуке ханның сыртқы саяси бағыттарын талдап, нәтижелерін анықтайды.
2-топ.Тәуке хан тұсындағы «Билер Кеңесінің» ролін анықтау
3-топ. «Жеті жарғы» заңдар жинағын талдау
4-топ.«Жеті жарғы» заңдар жинағын «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағымен салыстыру.
Критерийлері
 Топ мүшелерінің қатысуы
 Тақырыптың толық ашылуы
 Аргументтердің келтірілуі
 Баяндау шеберлігі
 Безендірілуі........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle