Қазақ хандығының құрылуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 Қазақ хандығының құрылуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3C Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау
6.2.3.4 М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру
Сабақ мақсаты: Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызына баға беру.
(Б) Бастапқы ынталандырушы материал.
Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту үшін тақтаға Астана қаласындағы Керей мен Жәнібек хандардың мүсіні бейнеленген фотосуретті және Қазақ хандығының картасын іліңіз немесе презентация арқылы көрсетіп әңгіме өрбітіңіз. Оқушылардың назарын суретке аударып,
 Суретте кімдердің мүсіндері бейнеленген?
 Неліктен бұл тұлғалардың мүсіндері Ақ Ордаға жақын жерде орналасқан?
 Қашан өмір сүрген?
 Қалай ойлайсыңдар, карта мен суреттің арасында
қандай байланыс бар?
деген тәрізді сұрақтар қойып әңгімелесу, тақырып бойынша не білетіндерін нақтылау.
(М) Жаңа сабақтың тақырыбын, зерттеу сұрағы, мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
(М) Қысқаша шолу. Алдыңғы тақырыптарда өткен Моғолстан мен Әбілқайыр хандығы туралы білімдерін еске түсіріп, сабақтастырыңыз. (мысалы, Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді? тақырыбын қарастырғанда Керей мен Жәнібек туралы не білдік? деген сұрақ қойып нақтылау)
(Б) Бейнематериалдан (5 минут) үзінді көрсетіңіз.
(Сұрақтар қойып, Керей мен Жәнібектің өскен ортасы, жеке бас қасиеттеріне, тәрбиесіне назар аудартып, құндылықтарды бойына сіңіру)
- Керей мен Жәнібектің әкелері бір-біріне кім болған?
- Олар балалық шағында қандай тәрбие алды?
- Тәлімгер ұстаз Керей мен Жәнібекке неліктен қиын тапсырмалар берді?
- Таңбалы тасқа қатысты қандай аңыз бар?
Дескриптор:
- Керей мен Жәнібек сұлтандардың туыстық қатынастарын түсіндіреді;
- Керей мен Жәнібек сұлтандардың қалай тәрбиеленгенін сипаттайды;
- Ел басқаратын тұлға болып қалыптасу үшін Керей мен Жәнібек сұлтандар неге дайын болуы керек екенін анықтайды;
- «Таңбалы тас» туралы аңызды еске түсіріп, ел үшін маңыздылығына дәлел келтіреді.
Зерттеу және талдау
(Т) 1-тапсырма. Мозайка құрастырайық.
Сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастыру.
• Маңызды даталар, тұлғалар, оқиғаларды сәйкесінше шоғырландырыңыздар.
• Қазақ хандығының құрылған жерін кескін картаға түсіріңіздер......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 301



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі