Қарахан мемлекеті 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Қарахан мемлекеті 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Қарахан мемлекеті 2-сабақ
Сабақ мақсаттары: Қарахан мемлекетінің дамыған орта ғасыр кезеңіндегі тарихи орнын анықтап, орталықтанған мемлекеттің белгілерін талдау және ислам дінінің мемлекеттік дін болып жариялануының себебі мен оның қоғамдық өмірге тигізген ықпалын көрсету.
Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері анықталып, зерттеу сұрағы таныстырылады.
Зерттеу сұрақтары:
Қарахан мемлекетінде ислам дінінің мемлекеттік дін деп жариялану себептері неде?
Ислам діні Қарахан мемлекетінің саяси, экономикалық , әлеуметтік өміріне қандай өзгерістер әкелді?
Бұл өзгерістер Қарахан мемлекетінің дамыған орта ғасырлар кезеңіне өтуінде қаншалықты маңызды?
(Т) «Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген
тапсырма-№3. «Қоғамдағы өзгерістер»
Мәтінмен жұмыс
Топтарға Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саяси-қоғамдық, экономикалық-әлеуметтік өмірдегі өзгерістерді талдау үшін ықшамдалған мәтін мен суреттер топтамасы қабырғаға ілінеді. Әр топ өздеріне қатысты суреттерді (иллюстрациялар) және бәріне бірдей берілген мәтіннің мазмұнынан өздеріне тиісті ақпаратты тауып алып, талдайды.Зерттеу нәтижесінде жинақтаған дәлелдемелерін сынып алдында ауызша қорғайды
1-топ.Саясатта;
2-топ. Экономикада;
3-топ. Мәдениетте;
4-топ. Тұрмыста
Оқу мақсаты:
Ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау
Сыни ойлау мен зерттеу дағдысы: Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі, тұрмыстағы өзгерістерді анықтайды;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 070



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Гость Амина
    Гость Амина 27.11.2020 09:22
    0 + 0 -
    Қарахан мемлекеті. 2-сабақ
    Қалалар мен сипаттамаларын сәйкестендір.
    Нужен срочно ответ
  2. Гость Амина
    Гость Амина 27.11.2020 09:21
    0 + 0 -
    Қарахан мемлекеті. 2-сабақ
    Қалалар мен сипаттамаларын сәйкестендір.