Қыпшақ хандығы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

  Қыпшақ хандығы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Қыпшақ хандығы 1-сабақ
Сабақ мақсаттары: Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, көрші елдермен қарым-қатынасын талдау, қыпшақтардың қазақ халқының ата-тегі екендігін дәлелдеу
(Т) «Синтез» дағдысына негізделген
тапсырма. Ақпарат жинақтау және сұрақ құрастыру.
(Б) «Қыпшақтардың мемлекеттермен қатынасы» тапсырмасын орындау ұйымдастырылады. «Құмырсқа» (ran dictation) стратегиясы бойынша қабырғадағы мәтіндерден (Қыпшақтар Русьте, Қыпшақтар Византияда, Қыпшақтар Грузияда, Қыпшақтар Венгрияда. Қыпшақтар Египетте туралы) әр топтың 2 оқушысы өздеріне қабырғадағы мәтіннен оқып, жадында сақтаған ақпаратты келіп айтады. Ақпаратты жазып отырған оқушы ақпараттарды қағаз бетіне түсіреді. Соңында әр топ өзіне қатысты ақпаратты жинақтап, оны топта талқылап, сыныпқа құраған мәтіндерін ұсынады. Мәтінге сұрақтар құрастырады.
Мәселен,
- Бұл мәтінде кімдер туралы айтылған?
- Қыпшақтардың Еуразия кеңістігіндегі халықаралық қатынастарға ықпалы қандай болды?
- Мәтін мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады? Мәтіндегі ақпараттың құндылығы неде?
1-топ
«Қыпшақтар және Киев Русі»,
«Қыпшақтар және Византия»
2-топ
«Қыпшақтар және Грузия патшалығы»,
«Қыпшақтар және Венгрия»
3-топ
«Қыпшақтар және Египет»
Оқу мақсаты:
 Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау;
 Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
Дескрипторы:
1-топ. Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, Киев Русі мен Византия елдермен қарым-қатынаста болғанын және әскери күш-қуатын дәлелдейді;
2-топ. Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, Грузия мен Венгрия елдермен қарым-қатынаста болғанын және әскери күш-қуатын дәлелдейді;дәлелдейді;
3-топ. Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, Египет мемлекетімен байланыс болғанын және қыпшақтардың әскери өнер жетістіктіктерін дәлелдейді;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 445



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі