Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

 Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• Түркі халықтарының миграциялық үрдістерін сипаттайды;
• Ортағасырлардағы халықтар миграциясының себептерін талдайды;
• Түркі халықтарының территориясының кеңеюін картадан көрсетеді.
БЫМ Бастапқы ынталандырушы материал ретінде «миграция»» ұғымын сипаттайтын суреттер топтамасын келтіріңіз. Келтірілген суреттер бойынша сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз:
• Суреттерден не көріп тұрсыздар?
• Суреттерде қандай үрдіс сипатталған? Суретті бір сөзбен қалай атауға болар еді?
• Миграция дегеніміз не? Не себепті адамдар бір елдімекеннен екінші өңірге қоныстанады?
• Миграция үшін қандай себептер болады?
Б Оқушылар өз ойларын айтып, болжамдарын келтіреді. Оқушыларға интербелсенді тақтадан «миграция» ұғымының мағынасын көрсетіңіз. Оқушыларға өз жұмыс дәптерлеріне өздері болжаған миграцияның себептерін жазып алуды ұсыныңыз.
М Презентацияның көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.
ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
1-тапсырма.
Т Зерттеуді ұйымдастыру үшін оқушыларға түріктердің қоныс аударуы туралы аңыз материалды ұсыныңыз (Қосымша 1). Оқушыларды 3 топқа бөліңіз. Барлық топтарға ортақ тапсырма беріледі.
Мәтінге арналған критерии:
1. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
2. Мәтіндегі басты ой-түйінді анықтаңыз.
3. Түріктердің географиялық мекен ауыстыруы жөніндегі ақпаратты сызбаға (түрік тайпаларының миграция жолдарын көрсетіңіз) айналдырыңыз.
4. Көшпелілердің миграциясы қандай салдарға әкелді? Кем дегенде 2-3 өзгерісті көрсетіңіз.
Т Әрбір топ сұраққа толық жауап беріп, дәлелдермен бекітеді. Топтың қалған мүшелері толықтырады, сұрақтар қояды.
2-тапсырма.
Т/Ж Мәтінді талдап болған соң оқушыларға карточкалармен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Оқушылардан Қазақстан жерінде ерте ортағасырларда қалыптасқан мемлекеттерді атап өтуді өтініңіз.
Тапсырманы орындау критерилері:
1. Карточкаларды хронологиялық реттілік бойынша орналастырыңыз;
2. Карточкадағы ақпаратқа сүйеніп Еуразия даласында орын алған саяси өзгерістерді сипаттаңыз;
3. Карточкадағы мәліметтен түркі халықтарының миграциясының кем дегенде 2 себебін анықтаңыз;
4. Картадан ертеортағасырларда Қазақстанда құрылған кем дегенде 3 мемлекетті көрсетіңіз.
Т Топтар өз жұмыстарының қорытындысын келтіреді. Сұрақ-жауап түрінде пікірталас ұйымдастырыңыз.
Интерпретация
М Миграция нәтижесінде болған өзгерістерді қорытындылау мақсатында интербелсенді тақтаға немесе оқу тақтасына ортағасырлық мемлекеттер картасын және қазіргі кездегі түрік республикаларының картасын іліңіз. Сонымен бірге, мұғалім әрбір топқа/жұпқа А2 көлеміндегі қағаздарды таратып беруі қажет. Бұл қағазға оқушылар төменде көрсетілген кестені сызып қойып, 3-тапсырманы орындайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 799



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі